Жаңалықтар

Шахматтан Азия чемпионаты: Қазақстан қоржынында 5 алтын медаль

Қазақстандық шахматшылар әртүрлі жас санаттарында бірден 5 алтын медаль алды/фото ҚШФ

Алматыда жастар арасында шахматтан өтіп жатқан 26-шы Азия чемпионатында классикалық түрі бойынша жеңімпаздар анықталды.

Қазақстандық шахматшылар әртүрлі жас санаттарында бірден 5 алтын медаль алды: Ризат Ұлан (8 жасқа дейін), Нұрәлі Болашақов (10 жасқа дейін), Эдгар Мамедов (14 жасқа дейін), Сұлтанбейбарыс Думанұлы (16 жасқа дейін) және Алдияр Аңсат (18 жасқа дейін).

Чемпиондық дубльді (рапид және классикалық) – үндістандық Нараяни Умеш Маратха (G08), Анна Шухман (G18) және қазақстандық Алдияр Аңсат (U18) жеңіп алды.

Осылайша, 12 жасқа дейінгі санаттан басқа барлық жас санатында қазақстандық ұлдар алтын алды. U08 санатында Ризат Ұлан мәреге бір тур қалғанда 1-орынды жеңіп алды. Бірақ ол мұнымен тоқтап қалмай, бүгін тағы бір қарсыласын жеңіп, рапидтен алған күміске шахматтың классикалық түрі бойынша алтын қосты. 10 жасар Нұрәлі Болашақов турнир кестесі бойынша көш басында болды. U14 санатында сынға түскен Эдгар Мамедов мәре сызығында отандасы Артём Богдановты да, моңғол Тенгундалай Ганбатты да ұтып, 14 жасқа толған туған күніне (18 маусым) тамаша сыйлық жасады. 16 жасқа дейінгілер санатында Сұлтанбейбарыс Думанұлы финалдық жеңіске жету үшін бұрынғы көшбасшы, сонымен қатар қазақстандық Мирас Асыловты бетпе-бет жекпе-жекте жеңуі керек еді.

Ал U18 санатында нағыз шиеленіс орын алды. Біріншіден, көш басында келеңсіз оқиға болды. Қырғызстандық Эльдияр Орозбаев (2381) 33-ші жүрісте жеңіске үміті үзілген үндістандық халықаралық шебер Харш Сурешпен ойында жеңілді. Ал Алдияр Ансат (Қазақстан) ирандық Шахдад Йадкури Теймуриден (2203) баяу, бірақ тайсалмай айласын асырса, оның отандасы Сәтбек Ахдинов Александр Хрипаченкомен (2346) нашар ойнады. Бірақ қорғаудағы табандылық пен уақыт қысымы ойын барысын 180 градусқа бұрды. Нәтижесінде Сәтбек күміске қол жеткізіп, Алдиярға екінші алтынға жол ашты.

Қыздар арасында 18 жасқа дейінгі категорияда Әмина Қайырбекова (2244) күміске ие болды.  10 жасқа дейінгілер арасында Берікқызы Аланна (1871)  2-орыналды. Қола жүлдегер Елназ Қалиахмет (2138) 16 жас санатында олжалы болды.