Жаңалықтар

Америка мен жапондық компания Қазақстанда экологиялық таза отын өндіруі мүмкін

Запрет на вывоз нефтепродуктов из Казахстана может привести к закрытию мини-НПЗ
Қазақстанда экологиялық таза отын өндірісін құру мүмкіндігі талқыланды / Архив: kursiv.media

АҚШ пен жапон компаниясы Қазақстанда экологиялық таза авиациялық SAF отынын өндіруі мүмкін. Бұл туралы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) Басқарма төрағасы Асхат Хасеновтің америкалық LanzaJet және  жапондық Mitsui (Мицуи) инвестициялық компаниясының басшылығымен кездесуі барысында белгілі болды.  

Жиында Қазақстанда экологиялық таза авиациялық SAF отыны өндірісін құру мүмкіндігі талқыланды. Қазақстанда SAF өндірістік кешенін салу жобасының алдын ала техникалық-экономикалық негіздемесі (ТЭН) ҚМГ және «Эйр Астана» АҚ (Air Astana) бірлескен бастамасы бойынша Еуропа Қайта Құру және даму банкінің (ЕҚДБ) қаржылай қолдауымен жүргізілді. Келесі кезеңде жобаның техникалық құжатын әзірлеу жоспарлануда.

«Air Astana қазіргі уақытта өзінің әуе кемелері паркінде SAF пайдалану перспективасын қарастыруда. «Самұрық-Қазына» АҚ Төмен көміртекті даму тұжырымдамасы бойынша авиа тасымалдаушының SAF тұтыну үлесі біртіндеп ұлғаятын болады: 2040 жылға қарай 5%, 2050 жылға қарай 15% және 2060 жылға қарай 25%», – деп жазылған хабарламада.

«ҚазМұнайГаздың» үш ірі мұнай өңдеу зауыты Jet A-1 авиаотынын өндіруге дайын. Бұл болашақта оны SAF өндірісімен араластыруға мүмкіндік береді.

Кездесу қорытындысы бойынша LanzaJet мен Мицуи компаниялары жобаны ҚМГ-мен бірлесіп іске асыруға қызығушылық танытты.

SAF (Sustainable Aviation Fuel) — Jet-1 отынының экологиялық таза нұсқасы болып отырған тұрақты авиациялық отын. Кәдімгі авиакеросиннен айырмашылығы, SAF таза күйінде көміртегі шығарындыларын 80%-ға азайтады. Saf және Jet-1 бір-бірін алмастырады. Бұл оларды әуежай қоймаларында қолда бар отынмен араластыруға мүмкіндік береді. АҚШ 2050 жылға қарай SAF-ты 50% көлемінде пайдалануға көшуді жоспарлап отыр. Еуропалық Одақ бұл көрсеткішті 2025 жылдан бастап 2%, 2030 жылдан бастап 5%-ға дейін және 2050 жылы 63% —деңгейіне дейін арттыруды көздеуде. Ұлыбритания 2030 жылға қарай Saf пайдаланылатын авиаотынның жалпы көлемінің 10%-ын пайдалануды жоспарлап отырғанын хабарлады.

Айта кететіні, LanzaJet компаниясы жақында АҚШ-та 2030 жылға қарай 1 млрд галлон SAF шығаруды жоспарлап отырған LanzaJet Freedom Pines Fuels әлемдегі алғашқы SAF зауытын ашты. LanzaJet  технологиясы өнеркәсіптік газ шығарындыларын, сондай-ақ қайта өңделген табиғи газды экологиялық таза авиациялық отынға айналдыруға мүмкіндік береді.

Mitsui & Co. (Мицуи) — Жапониядағы ірі инвестициялық компания, Mitsui Group холдингінің бір бөлігі. Компанияның бас кеңсесі Токиода орналасқан. Мицуи декарбонизация жобаларына белсенді түрде инвестиция құяды, LanzaJet инвесторларының бірі.

Еске сала кетсек, «Қазмұнайгаз» Jet A-1 маркалы авиаотынын сынақтан өткізіп жатыр