“Қазпошта” сәлем-сауқатты дронмен тасымалдау жолын қарастырып жатыр

Жарияланды
Сәлемдемені дронмен тасымалдау үшін инфрақұрылымды жақсарту керек / Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

«Қазпошта» сәлем-сауқатты дронмен тасымалдайтын күн алыс емес. Ол үшін АҚШ тәжірибесін зерттеу жұмыстары қолға алынған. Бұл туралы Қазақстан қор биржасы алаңында өткен KASE Talks барысында «Қазпошта» АҚ Басқарма төрағасы Әсел Жанасова айтты.

Оның сөзінше, Америкада дрондар сәлемдемелерді қазірдің өзінде әп-сәтте жеткізеді. Нью-Йоркте поштаны жылдам жеткізетін дрондар бойынша үлкен жобасы бар.

«Сіз зат сатып аласыз, оны жеткізу үшін уақыт керек. Бұның бәрі үнемі кептеліс болып тұрады. Адамдар жеткізудің жаңа әдістерін табуда. Біз де ұшқышсыз жеткізу әдістері бағытын қарастыру керекпіз ойлаймын. Ол үшін бәріміз бірге сол инфрақұрылымды дайындауымыз керек. Яғни бұл 3D карталар», – деді Әсел Жанасова.

Ал Қазақстанда бүгінде негізінен 2D карталар қолданылады. Дрондар жұмыс істеуі үшін жолдар сәйкес болуы керек. Бұл кәсіпорындардың карталары болуы керек. Мысалы, Жапонияда бұны қазірдің өзінде енгізіп жатыр. «Біз қазір олардың тәжірибесін зерттеп жатырмыз. Оларда әрбір көлікке бекітілген радарлар бар. Ал біздің көліктер Қазақстанның кез келген жолымен күнде жүретіндіктен, цифрлық картаны осылай жасап шығуға болады», – деді спикер.

Оның айтуынша, бұл үшін осы сенсорлық радарға деректерді жинауға мүмкіндік беретін инфрақұрылымға инвестиция керек. Қазақстанда мұндай картаны жасап, ұшқышсыз технологияларды іске қосу үшін 3-4 жыл уақыт қажет. Біз осы бағытта жұмыс істеген кейбір компаниялармен сөйлестік. Бірақ бүгінде бұл өте қымбат.

Бұл дрондардың қуаты 100 келі, радиусы да 100 шақырымға жетеді. Логистикаға келгенде ақша үнемдеу өте маңызды, өйткені бұл бензин, бұл адамдардың еңбекақысы. Ал жалпы алғанда болашақта жеке компаниялар жеткізудің ұшқышсыз түріне көшеді.

Бұл ретте Әсел Жанасова маркетплейстер ауылдарға зат жеткізе алмайтынын атап өтті. Сондықтан «Қазпошта» елдімекендерге сәлемдеме тасу бойынша жұмыстарды қолға алған.

«Pinduoduo, Wildberries сырды маркетплейстер ауыл-аймақтарға зат жеткізе алмайды. Біз осы бағатытта жұмыс істемекпіз. Сонымен қатар сол ауылдарда кәсіпкерлікпен айналысып, өнім шығаратын бизнес иелерінің тауарларын қалаған тасымалдауды жоспарлап отырмыз», – деді Әсел Жанасова.

Еске сала кетсек, «Қазпоштаның» ақпараттық жүйесі жеке және заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік деректер базасының сервистерімен интеграцияланатынын хабарлады. Әсел Жанасова 2023 жылғы 2 қазанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа соңғы бес жылда алғаш рет «Қазпошта» пайдасын игеру туралы есеп берді. 

«Қазпошта» АҚ «Қорғас» ШЫХО аумағында бонд қоймасын ашты. Қойма Еуропалық Одақ пен Орталық Азия елдеріне халықаралық пошта жөнелтілімдерін қабылдап, транзитпен жібереді.

Сондай-ақ оқыңыз