Жаңалықтар

KAZ Minerals компаниясына тиесілі «Шығыстүстімет» ЖШС тау жынысының опырылып, өзеннің ластануына жол берген

«Шығыстүстімет» кәсіпорны жауапкершілікке тартылуда/ kursiv.media

ШҚО мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының талап-арызы бойынша мыс өндіру кенішін жою үдерісі заңсыз деп танылды. Бұл жөнінде аталған облыс прокаратурасы хабарлады.

Бұрынғы Юбилейно-Снегирихинское кен орнының шахта суының ағуы салдарынан Малая Карагужиха өзені металдармен ластанған және Глубокое ауданындағы Снегириха тауы опырылған.

Табиғат қорғау прокуратурасы «Шығыстүстімет» ЖШС-нің кенішті жою технологиясының талаптарын сақтамағанын анықтады. Соның салдарынан ауданы 15 000 шаршы метрден асатын тау жынысы опырылып түсті.

ШҚО экология департаментінің су сынамаларын зерттеді. Соның қорытындысына сай судың құрамында ауыр металдардың (мырыш, кадмий, темір, марганец және т.б.) шекті рұқсат етілген концентрациясының нормативтері 83 мың есе көбейгені мәлім болды.

Кенішті жою кезінде кәсіпорын жеке рекультивация жұмысын жүргізбеді. Белгіленген аумақ бастапқы қалпына келтірілмеген. Осыған қарамастан уәкілетті мемлекеттік органдардан тұратын комиссия кен орнын жоюды қабылдау актісіне қол қойған.

«ШҚО мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы кенішті жою бойынша қабылдау актісінің күшін жою туралы сотқа талап арыз берді, ол қанағаттандырылып, жоюды қабылдау жөніндегі комиссия актісі заңсыз деп танылып, күші жойылды. Апелляциялық орган сот актісін күшінде қалдырды. Қазіргі уақытта прокуратура «Востокцветмет» ЖШС-ын заңмен белгіленген жауапкершілікке тарту, сондай-ақ кеніштің тиісті жойылуын қамтамасыз ету және қоршаған ортаның ластану себептерін жою бойынша шаралар қабылдауда», – деп хабарлады облыс прокаратурасы.

«Шығыстүстімет» ЖШС KAZ Minerals компаниялар тобына кіреді. Бұл – Қазақстанда және Қырғызстанда мыс өндіретін ірі компаниялардың бірі. 2014 жылы Өскемен қаласында тіркеуге алынған. Осы ЖШС-нің басқарма төрағасы – Ильсур Даутов. 2023 жылы «Шығыстүстімет»  47 760 913 283.7 млрд теңге салық төлеген.

Қазақстандағы ірі мыс өндіруші Kaz Minerals компаниясы 2024 жылдың бірінші тоқсанында 94 300 тонна металл өндірді. Көрсеткіш былтырғы жылдың сәйкес кезеңінен 0,8% төмен. 

Айта кетейік, 2020 жылы «Шығыстүстімет» ЖШС-ның Орловский өндірістік кешенінде оқыс оқиға болған. Шахтадағы жару жұмысы кезінде екі жұмысшы қаза болған.