Еуропалық клубтар мен әлемдік брендтер қазақ футболының дамуына көмектеседі. Жас ойыншылар мен жаттықтырушыларға қандай мүмкіндік туып тұр?

Жарияланды (жаңартылды )
2025 жылға қарай QJ League қыздарға арналған жеке лига құруды жоспарлап отыр / Фото: Freedom QJ League

Қазақстанда жасөспірімдер футболын дамытатын Freedom QJ League әлемдік деңгейдегі бренд – Red Bull компаниясымен серіктестік туралы келісімге қол қойғанын жариялады. Осы Келісім шеңберінде QJ лига спорт менеджерлері мен жаттықтырушыларына тағылымдамадан өтуге мүмкіндік береді. Олар Германия мен Аустрияның футбол клубтарында тағылымдамадан өтіп, тәжірибелерін шыңдай алады. Сондай-ақ қазақстандық жас футболшылар шетелдік клубтарда бақ сынауға мүмкіндік алады.

Freedom QJ League президенті Рохус Шох аталған серіктестік келісімі қандай мүмкіндіктерге жол ашатынын түсіндірді.

«Біздің лига жаһандық және әлемге әйгілі жаңа серіктестерді тартуға бағытталған. Бұрын біз  сондай серіктестердің бірі Mastercard-пен серіктестікке қол қойған едік.  УЕФА Чемпиондар лигасының демеушісі болған компания қазір жастар футболына ден қойып отыр. Red Bull компаниясымен серіктестігіміз туралы қуанышты жаңалығымызбен бөлісіп отырмыз. Осындай ірі брендтердің Қазақстандағы жасөспірімдер футболының дамуына көңіл бөліп жатқанына қуаныштымын», – деді Freedom QJ League президенті Рохус Шох.

Айта кетейік, Freedom QJ лигасы 2023 жылы құрылды, қазір оның құрамына 32 команда кіреді. Олар екі жас санаты бойынша үш дивизионға бөлінеді. QJ League президентінің айтуынша, QJ Лигасы – бұл жай ғана футбол емес. Оның одан да маңызды тұстары бар.

«Резервтерді жаттықтыратын және балалар мен кәсіби футболды байланыстаратын көпір құру ғана емес, бұл медиа және маркетинг. Осы саладағы мамандарға, футбол аналитикасына, жаттықтырушыларға және әкімшілік персоналға арналған жұмыс орындарын дамыту және құру», – де толықтырды Рохус Шох.

Рохус Шох 2025 жылға қарай QJ лигасы кем дегенде екі есеге кеңейетінін және қыздар үшін бөлек лига құру жоспары тұрғанын айтады. Өйткені осы жобаның арқасында жасөспірімдер футболының әлеуеті арта түскен. Айтуынша, жас спортшылардың ойынға деген қызығушылығы, жарыстардағы белсенділігі артқан, тіпті кәсіби командалар сияқты жақсы ойын үлгісін көрсетіп келеді.

«Матчтар қазір теледидарда жақсы көрсетіліп жатыр, стадиондарға келетін жанкүйерлердің де саны арта түсуде. QJ лиганың мүддесі үшін ойнауда бәсекелестік пайда болды. Клубтар жасөспірімдер футболына жұмсайтын шығындарын көбейте бастады, дегенмен біз олардың жүктемесін едәуір жеңілдеттік», – деді Лиганың қамқоршылық кеңесінің төрағасы және Freedom Holding корпорациясының басшысы Тимур Турлов.

Qj League және Red Bull келісімдерінің маңызды бөлігі — қазақстандық мамандар мен футболшылардың біліктілігін арттыру. Ойыншыларымыз бен жаттықтырушылар Германия мен Аустриялық әріптестерімен тәжірибе алмасады.

«Жоспарда Red Bull құрылымындағы жасөспірімдер командаларымен жолдастық кездесулер және бірлескен турнирлер бар. Бұл QJ лигасында өнер көрсететін жас таланттарымыздың дамуына оң әсер етеді. Біздің тарапымыздан спорттық және футбол бастамаларына қолдау көрсетіледі. Жақында біз Red Bull Four To Score жобасына – Шымкентте өтетін көше футболы турниріне қосыламыз. Алдағы уақытта мұндай жобалар көбейетініне сенімдімін», – деді Турлов.

Red Bull жаһандық спорт бренді, автомобиль, велоспорт, сноуборд, мотоспорт, киберспорт және футбол бойынша көптеген жарыстардың демеушісі және ұйымдастырушысы ретінде танымал. Red Bull бір кездері шағын стартап ретінде ұйымдастырылған.

«Компанияның негізін қалаушы үлкен арманға сене білді. Сондықтан біздің компанияның ұраны – Red Bull адамдарға және идеяларға қанат бітіреді. Біз бәріміз де қазақстандық футболшылардың чемпион болуын армандаймыз. Әлемдік деңгейде Red Bull-да мыңға жуық спортшы және компания кәсіби түрде айналысатын бірнеше футбол командасы бар. Олардың оқу-жаттығу жиындары, тәжірибесі және орасан зор мүмкіндіктері мен толыққанды базасы бар. Біздің барлық спортшылар бірінші нөмірлі чемпиондар десек болады. Біз QJ League жасөспірімдер лигасының ең жақсы жағдайда саяхаттауға, дамуға және жаттығуға мүмкіндік алғанын қалаймыз», — деді Red Bull бас директоры Ирина Карлова.

Лиганың Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Тимур Турлов қазақ футболының алға басуы жас спортшылардың дамуында екенін айтады.

«Қазір елімізде футболға деген сүйіспеншілік артып келеді. Бізде жаңа және мықты дарынды ұрпақ өсіп келеді. Егер сіз олармен кәсіби менеджер ретінде жұмыс жасасаңыз, командалар толығымен дами алады. Біз бұған демеуші және ұйымдастырушы ретінде ғана емес, халықаралық серіктестерді де тартуымыз керек. Мен Red Bull және MasterCard компаниялары футболдың дамуына үлес қосу үшін бізге қосылып жатқанын мақтан тұтамын. Қазақстан футболының кәсіби дәрежеге жеткенін қалаймын. Қазақстандықтар Ағылшын Премьер-Лигасының матчтарын тамашалап қана қоймай, біздің жігіттерге жанкүйер болғанын қалаймын. Бұл менің үлкен арманым», – деп түйіндеді сөзін Турлов.

Еске салсақ, 10 наурызда Қазақстанда  жасөспірімдердің QJ League жаңа футбол лигасы ашылды. Лиганың бас серіктесі Freedom Holding Corp.

Сондай-ақ оқыңыз