Астанада «Хан Шатыр» маңындағы ғимараттан өрт шықты. Өртеніп жатқан – «Rixos Khan Shatyr Residences” тұрғын үй кешені.
«Осы минуттарда Астана қаласында өрт сөндірушілер Тұран даңғылы 37/9 мекенжайында орналасқан ғимаратта шыққан өртті сөндіріп жатыр», – делінген ТЖМ хабарламасында.
Өрт сөндірушілер келіп жеткенде тұрғын үй кешенінің 26-қабатындағы сыртқы жабын өртеніп жатқаны белгілі болды. Өрт қауіпі жоғары деңгейде.
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. 2gis мәліметі бойынша тұрғын үй кешенінде бірнеше ұйым орналасқан. Олардың ішінде: JAC Allur дилері, «Bereke банктің» бөлімшесі, «Аманат» сақтандыру компаниясы, Allur Finance автонесие компаниясы және т.б. бар.