Freedom Bank-тің 4 есе өсім көрсететін әлеуеті бар – Тимур Турлов

Жарияланды (жаңартылды )
Business News бөлімінің редакторы
Freedom Bank-тің
Фото: kursiv.media

Freedom Bank-тің өсу әлеуеті жоғары. Ол алдағы уақытта 4 есе өсім көрсетуі ықтимал. Бұл туралы Freedom Holding Corp. басшысы Тимур Турлов 2024 қаржы жылы есебінің таныстырылымында айтты.

«Біз қанатын кеңге жаюға дайын тұрған көптеген керемет жоба жасадық. Олардың өсу әлеуеті шексіз. Қазірдің өзінде елімізде 15-16 миллион адамға қызмет көрсететін бәсекелестеріміздің профилін қараймыз. Әзірге банктегі клиент саны 1 миллионға, ал экожүйедегі жалпы клиент саны 5 миллионға жуықтады. Кросс-сейл әлеуетіміз тым жоғары. Бәсекелестердің өкшесін басу үшін әлі 4 еседей өсуге мүмкіндігіміз жетеді. Оған қоса біз тек банк секторында өсіп келе жатқан жоқпыз. Сақтандыру, инвестициялық банкинг, әуе билеттері мен концерт билеттері сында экожүйе жобаларында көш бастап тұрмыз», – деді Турлов.

Freedom Holding Corp. басшысы Freedom Bank-тің өсіміне ықпал ететін жаңа бағыттар туралы да айтып өтті. Олардың бірі – цифрлық ипотека.

«2022 жылдың соңында арзан ақша мен жақсы бағдарламалар болып тұрған кезде кезде еліміздегі кез келген басқа банктермен салыстырғанда көбірек ипотека бердік. Қазір ипотека 16-19 пайызды құрайды. Бұл жоғары мөлшерлемеге байланысты тым қымбатқа шығып тұр. Бірақ жағдай өзгереріне сенімдіміз. Бұл нарық әлі де қалпына келеді. Бір ипотеканың өзінде керемет өсу мүмукіндігі бар», – деп атап өтті Турлов.

Өсімнің тағы бір бағыты – автонесие. Бұл бағыт онлайн сақтандыруды іске қосқанның арқасында дамып келеді.

«Бір кездері автокөлік несиесі бойынша Қазақстандағы нөмірі бірінші немесе екінші банк болдық. Сонда біз адамдарға несиеге беретін ақша жоқ екенін, өтімділік жетпейтінін түсіндік. Сапалы несие бере алатындай жылдамдықпен депозит жинап үлгермейміз. Біз осы портфельмен бір жыл бойы келеміз, оның басым бөлігі төленді», – деді Турлов.

Freedom Holding Corp үшін 2024 қаржы жылы – рекордтық жыл болған. Холдингтің 2024 қаржы жылындағы (2023 жылдың 1 сәуірінен 2024 жылдың 31 наурызына дейін) түсімі рекорд жасады. Осы қаржы жылындағы түсім 1,6 млрд долларды құрап, 2023 қаржы жылымен салыстырғанда 105% өсім көрсетті. Тимур Турлов 2023 қаржы жылындағы түсімі 796 млн доллар болғанын атап өтті.

Түсімнің артуына компания пайыздық табысының өсуі есебеп болған. Пайыздық кірістің 533,5 млн долларға ұлғаюы сауда портфелінің және ондағы облигациялардың үлесінің кеңеюімен байланысты. Сонымен бірге клиенттерге берілген банктік кредиттер, маржалық қарыздар, кері РЕПО шарттары және банктердегі қаражат, сондай-ақ сату үшін қолда бар бағалы қағаздар бойынша пайыздық кіріс өскен.

2024 қаржы жылында компанияның таза пайдасы 375 млрд долларға жеткені белгілі болды. Жылма-жыл өсім – 82 пайызды, таза маржасы түсімнің 23 пайызын құраған. Турловтың айтуынша, бұл көрсеткіш – дәстүрлі қаржы қызметтерді дамыту мен лайфстайл-сегмент сегментін кеңейтуге бағытталған стратегияның нәтижесі. 

Сондай-ақ оқыңыз