22 маусымға қараған түрде Семейде аммиак селитрасы бар қойман өрт шыққан. Жалпы аумағы 4,5 мың шаршы метр қойманың 1 мың шаршы метрін қызыл жалын шарпыды. Таңға жуық өрт толық сөндірілді.
Өрт туралы ақпарат таңғы сағат үштер шамасында түскен. Өрт сөндірушілер қоймадағы өртті екі сағатқа жуық уақыт сөндірді.
«Семейде 1000 шаршы метр аумақта қойма өртенді. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ», – делінген хабарламада.
Сағат 5.05-те Төтенше жағдайлар министрлігі өрт толық сөндірілгенін хабарлады. Алайда кейіннен ТЖМ телеграм-арнасынан бұл өрт жайлы ақпаратты алып тастады.
21 маусым түнгі уақытта Тараз қаласы металлургия зауытының аумағында өрт шыққан болатын. Өрт сөндірушілер таңға жуық тілсіз жауды толық сөндірген.