Дәстүрге айналып үлгірген Qalam порталында жарияланған материалдардың апталық топтамасын ұсынамыз. Демалысты пайдалы әрі қызықты өткізуді жоспарласаңыз бізбен бірге болыңыз. Орта ғасырдағы Батыста ең танымал кескіндеме сюжеттерінің бірі — билеген қаңқалар немесе danse macabre. Ондай сұмдықты не үшін бейнелеген? Ұлы Литов кінәздігінің тарихы туралы дәріс және мектеп бағдарламасын еске түсіріп, біліміңізді сынап көруге арналған Қазақстан тарихы бойынша тест пен апта сайын жарық көретін «Петроглифтер» айдарында, жартастарға бейнеленген айнаның сиқыры туралы материал жарық көрді.
Ұлы Литов кінәздігінің тарихы
Ресей мен Украина қақтығысының түпкі мағынасына терең бойлап, саралауға арналған үш бөлімді дәрісітің алғашқы екеуін оқыңыз:
Бірінші дәріс
Мәскеу империясының баламасы ма?
Екінші дәріс
Көне сенімдегі Еуропа империясы
Өліктер биі – danse macabre
Байлыққа, атаққа, жасына және әлеуметтік жағдайына қарамастан, ажал бәріне келетінін еске салуға арналған ортағасырлық аллегориялық сюжет туралы мына жерден оқыңыз.
Қазақстан тарихы бойынша тест
Бесінші сынып оқушысы болу оңай деп ойлайсыз ба? Оқу жылының аяқталуына орай, Qalam сізді алтыншы сыныпқа қабылдап я қабылдамайтынын анықтайтын сынақ дайындады, тесті мына жерден тапсыруға болады.
Тастағы айна
Біздің ата-бабамыздың айнаға сиқырлы зат ретінде қарағанын дәлелдейтін, өте сирек кездесетін апта петроглифін оқыңыз.
Алдыңғы апта таңдауына да көз жүгіртіп өтіңіз.