Италияда ежелгі Цей үйінің қабырғасын бүлдірген қазақстандық турист ұсталды – БАҚ
Италияның Помпей қаласында бұзақылық жасаған қазақстандық турист ұсталды. Ол Помпей археологиялық паркінде орналасқан Цей үйінің сыртына «ALI» деп атын жазып кеткен. Сәулет ескерткішін бүлдіргені үшін ҚР азаматы залал шығынын өтейді. Залал мөлшері техникалық сарапатамадан кейін белгілі болады. Бұл жөнінде ақпарат құралдары жазды.
Еуропада вандализм жасаған туристер қатаң жазаланады. Былтыр Пизан мұнарасына жүрек суретін салып, аты-жөнін қысқартып жазғаны үшін Франциядан келген туриске Италия полицейі 2000 евро айыппұл салатынын не бір жылға дейін бас бостандығынан айыратынын мәлімдеген.
Италиядағы көне қаланың бірі – Помпейдің даңқы дүние жүзіне аян. Біздің заманымыздың 70-ші жылында жанартау атқылап, содан шаһардың тыныс-тіршілігі тоқтаған. Бірақ кейбір ғимараттары сақталынып қалған. Цей үйі – соңғы саманит кезеңіне тән ежелгі баспананың бірі. Бұл үйге магистрат Луций Цей Секунд иелік еткен.