Жаңалықтар

«Қазгидромет» 24 маусымда Өскемен мен Риддер қалаларында ауа райы қолайсыз болатынын ескертті

Өскемен мен Риддерде ауа райы қолайсыз болады /фото Қазгидромет

Өскемен, Риддер қалалары бойынша қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты екінші дәрежелі ескерту жарияланады. Бұл жайында Қазгидромет хабарлады.

Дүйсенбі тағы да ауа райы ыстық болады. Абай облысында 39, Жетісу облысында 35-36, Паводар облысында 35-39 градус ыстық болады. Осы жолы кәсіпорын Алматы облысына қатысты мол мағлұмат берген.

«24 маусымда күндіз Алматы облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың таулы аудандарында, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде шаңды дауыл. Оңтүстік-батыс, батыс бағыттан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 25 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың  басым бөлігінде жоғары, солтүстік бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады», – деп хабарлайды «Қазгидромет».

Мекеме басқа өңірлерде де жаңбыр, найзағай, дауыл болатынын ескерткен.