Тараздағы жарылыс электр кабельдің істен шығуынан болды – қала әкімдігі
Жарияланды
(жаңартылды )

Сенбі күні кеште Тараз қаласының Қарасу шағынауданында асфальт жабыны жарылды. Әкімдік жарылыс себебін анықтады.
Кешкі сағат 21.44-те «Самал» шағынауданындағы 110/6 кВ-тық «Рысбек» подстанциясының 414-ұяшығынан № 10 тарату пунктіне дейін тартылған жоғары кернеулі жерасты кабелі істен шыққан.
110/6 кВ-тық электр кабеліндегі ақау салдарынан болған қысым асфальт төсемін бұзып шықты. Осыдан кабель тоқтан апатты түрде ажыратылған. Әкімдік қосымша желі арқылы жөндеу жұмысы жүргізіліп, 1 сағаттан кейін электр қуаты қайтадан қосылғанын хабарлады. Жұмыс бригадасы кабельді жөндеуді жалғастыруда. Жергілікті қызмет оқиға болған жерден газ құбыры жоқ екенін нақтылады.