Жамбыл облысы Отар ауылындағы N30212 әскери бөлімнен ауруханаға түсіп, комада жатқан Нұржігіт Асанұлы есін жиды. Бұл туралы сарбаздың әкесі Тимур Жаналин хабарлады.
Тимур Жаналин қиын кезеңде отбасына қолдау көрсеткен дәрігерлер мен барлық қазақстандықтарға алғыс айтты.
«Ұлымыз комадан шықты! Дәрігерлердің айтуынша, қазір саңырау күйде. Бұрын жүргізілген трахеостомияға байланысты әлі сөйлей алмайды. Әлі де жағдайы ауыр, шамамен 6-8 сағат диализ жасалады. Осы уақыт аралығында оны уақытша эвтанизациялау керек. Дәрігерлер қолдан келгеннің бәрін жасады. Оларға шексіз алғыс айтамын», — деді Жаналин.
2024 жылдың 15 мамырында әскерге кетіп, 9 маусымда комаға түскен қатардағы сарбаз Нұржігіт Асанұлы әлі күнге жансақтау бөлімінде жатыр. Өз еркімен әскерге кетіп, ауруханадан бір-ақ шыққан жауынгердің ата-анасының сұхбатын жариялаған едік.
Сарбаздың ата-анасы істің әзірге тек Қылмыстық Кодексi 451-бап 1-тармақ «билікті асыра пайдалану» бойынша қаралып жатқанына наразы. Олар істі 106-бап «денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру» бойынша да қаралу керек деп арызданған.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысының Отар ауылында әскери борышын өтеуге келген сарбаздың комаға түсуіне байланысты анасы жариялаған үндеумен танысқан. Бұл жайлы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.