АҚШ санкциясының салдары: Solidcore Resources plс Мәскеу биржасынан делистинг жасамақ

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Solidcore Resources plс Мәскеу қор биржасынан кетпек. Коллаж kursiv.media, бильд-редактор: Денис Андреев

Solidcore Resources plc (бұрынғы Polymetal) Мәскеу биржасынан делистинг жасауға өтініш берді. Акционерлер өз акцияларын қазақстандық AIX биржасында сатылатын бағалы қағаздарға айырбастай алады. Бұл туралы компания хабарламасында жазылған.

Компания делистинг туралы шешімді АҚШ-тың Мәскеу биржасына салған санкцияларына байланысты қабылданған. Делистинг өтініміне сәйкес, биржадағы сауданың соңғы күнін 2024 жылдың 30 қыркүйегіне белгілеуді сұрайды.

«Мәскеу биржасына салыған OFAC санкциялары мен Мәскеу биржасында компания акционерлерінің құқығын толық шектеу бұл биржада қалу орынсыз екенін байқатады Сонымен қатар 2024 жылдың наурызында ресейлік активтерді сатқалы бері, Компанияның Ресейге еш қатысы жоқ. Осыған байланысты басшылық пен директорлар кеңесі листингті тоқтатуға өтініш беру туралы шешім қабылдады», – деді компанияның Бас атқарушы директоры Виталий Несис.

Делистингтен кейін компанияның акциялары Мәскеу биржасында сатылмайды. Сонымен қатар NSD және басқа ресейлік депозитарийлерге қарсы санкцияларға байланысты Мәскеу биржасында бағалы қағаздарды сатып алған акционерлер де компанияның корпоративтік шараларына қатыса алмайды. Сондықтан акционерлерді қазақстандық AIX биржасында сатылатын бағалы қағаздарға айырбастап алуға шақырады.

2024 жылдың наурыз айында ресейлік активтерін сатқалы бері компанияның Ресей Федерациясына қатысы жоқ. Оның ең ірі акционері – омандық Maaden International Investment компаниясы (23,9%). Алдағы бес жылда Solidcore Resources plc қазақстандық тау-кен жобаларына 1 миллиард доллардан астам инвестиция салуды жоспарлап отыр.

MOEX-тен делистинг жасайтын хабарлаған соң, Solidcore акциялары шамамен 14% жоғалтты. Компанияның бағалы қағаздары 250,6 рубльден 217,2 рубльге дейін арзандады.

12 маусымда АҚШ Қаржы министрлігінің Шетелдік активтерді бақылау басқармасы (OFAC) Мәскеу биржасын (MOEX брендімен жұмыс істейтін) SDN тізіміне енгізді. Бұл оның америкалық банктер мен депозитарийлердегі шоттарын бұғаттауды, сондай-ақ АҚШ азаматтары мен тұрғындары үшін ынтымақтастыққа тыйым салуды білдіреді.

Сонымен қатар компанияның SDN тізіміне енуі оның бүкіл серіктестеріне қайталама санкция қаупін тудырмайды. Тек еншілес ұйымының меншікті капиталының 50 пайызын иеленсе, шектеу енгізілуі мүмкін. Содан кейін Мәскеу биржасына қарсы санкцияларға Ұлыбритания да қосылды.

Сондай-ақ оқыңыз