2024-2025 оқу жылына колледжге құжат тапсыру басталды

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Колледжге құжат тапсыру басталды / коллаж kursiv.media, бильд-редактор: Аружан Махсотова

2024-2025 оқу жылына колледжге құжат тапсыру 25 маусымда басталып, 1 шілдеге дейін жалғасады. 1 шілдеден бастап колледждерге қабылдау egov.kz портал арқылы жалғасады.

Колледжге түсу үшін 9-сынып түлектері 25 маусымнан 18 тамызға дейін, ал 11–сынып түлектері 25 маусымнан 20 тамызға дейін өтініш бере алады:

  • Шығармашылық мамандықтар бойынша – 25 маусымнан 20 шілдеге дейін;
  • Педагогикалық және медициналық мамандықтар бойынша – 25 маусымнан 15 тамызға дейін.

Бакалавр мамандықтарына қабылдау аттестаттың орташа балы негізінде жүргізіледі. Рейтингті міндетті және бейіндік пәндерді бағалаудың орташа конкурстық балы бойынша автоматтандырылған ақпараттық жүйе жүргізеді. 

Педагогикалық, медициналық және шығармашылық мамандықтар бойынша оқуға түсетін түлектер арнайы немесе шығармашылық емтихандар тапсырады. Оқуға түсушілер үшін конкурстар 19-25 тамыз аралығында, өнер және мәдениет мамандықтары бойынша – 29 шілде мен 2 тамыз аралығында өтеді.

Халықтың әлеуметтік осал санаттарынан (I және II топтағы мүгедек балалар, көп балалы және толық емес отбасылардан шыққан балалар, жетімдер және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, ауыл жастары қатарындағы талапкерлер және басқа) түлектер колледждерге жеңілдік шарттарымен түсе алады. Квота санаты үшін растайтын құжаттарды ұсыну қажет.

  • Колледжге түсу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
  • ЭЦҚ қойылған электрондық құжат, ата-анасының өтініші және мекен-жайы;
  • Мектеп аттестаты;
  • № 075-У нысаны бойынша медициналық анықтама;
  • 3х4 см көлеміндегі цифрлық фотосурет, талапкердің жеке басын куәландыратын құжат.

Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау 20 маусымнан басталған. Ғылым және жоғары білім министрлігі түлектерге ЖОО-ға түсуге құжат қабылдайтын күнтізбе жариялады.

 «Педагогикалық ғылымдар» мен «Денсаулық сақтауға» тапсыратындарға құжат қабылдау, арнайы емтихандар тапсыру 20 маусымнан басталды. Құжаттар 25 тамызға дейін қабылданады. Ал арнайы емтихандар 20 тамызға дейін өткізіледі. Шығармашылық емтиханға өтінім қабылдау уақыты да 20 маусымнан басталады. Осылайша 10 тамызға дейін жалғасады. Ал өткізілетін уақыты болса, 7 шілде мен 15 тамыз аралығында. Ал грант иегерлерінің тізімі 10 тамызға дейін жарияланады.

Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының абитуриенттері шығармашылық емтиханды ҰБТ-дан кейін тапсырады. Емтихандар дәстүрлі форматта, яғни офлайнда өтеді. Конкурсқа қатысу үшін бір ЖОО мен бір мамандық таңдау қажет. Бес пән бойынша ҰБТ тапсырған (Қазақстан тарихы мен оқу сауаттылығының ұпайлары ескеріледі) түлектер шығармашылық дайындықты қажет ететін бір оқу бағдарламалары тобын таңдай алады. 

Сондай-ақ оқыңыз