Tengri Bank экс-басшысы 10 жылға сотталды: апелляция үкімді өзгеріссіз қалдырды

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Tengri Bank экс-басшысына қатысты апелляция үкімді өзгеріссіз қалдырды / коллаж kursiv.media, бильд-редактор: Аружан Махсотова

Апелляциялық сот алқасы Tengri Bank экс-басшысы Ержан Шайкенов пен оның орынбасарларына қатысты бірінші инстанцияның үкімін өзгеріссіз қалдырды.

Алматы қалалық сотының баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, апелляциялық сот Tengri Bank-тің бұрынғы төрағасы Ержан Шайкеновпен қоса, өзге айыпталушыларға қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырған.

«Апелляциялық сатыда қаралды. Бірінші сатыдағы сот үкімін өзгеріссіз қалдырды», – деп атап өтті сотта.

Айта кетейік, 2023 жылы Шайкенов банктен 23,5 миллиард теңге ұрлағаны үшін кінәлі деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Іс бойынша қамауға алынған өзге айыпталушылар, оның ішінде Шайкеновтің орынбасарлары сегіз жылға бас бостандығынан айырылған.

Сондай-ақ сот алты сотталушыны кінәлі деп тапты. Олардың кейбіреулері Tengri Bank қызметкерлері. Сот сотталушылардан 23,6 млрд теңгені Tengri Bank пайдасына өндіріп алуды ұйғарды. Сондай- ақ олардан 710 млн теңге мемлекеттік баж және процестік шығындар мен 17 млн теңге өндірілген.

Сондай-ақ оқыңыз