Қазақстанда долларға сұраныс 50%-ға өсті

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Мамырда сәуірмен салыстырғанда долларға сұраныс 6% артты / Архив: kursiv.media

Қазақстан Ұлттық банкінің мәліметі бойынша, 2024 жылғы мамырда ақша айырбастау орындары АҚШ валютасын таза сату (сату минус сатып алу)көлемі 346 млн долларды немесе 153 млрд теңгені құрады. Бір айда сұраныс 6%-ға өсті, ал 2023 жылдың мамырымен салыстырғанда сұраныс 50,5%-ға өсті. Сәуірде таза сату көлемі 326 млн долларды құраған.

Мамыр айында Қазақстан аймақтарынан АҚШ долларына бөлшек сұранысқа ең көп үлесті Шымкент (29%), Алматы (23%), одан кейін Солтүстік Қазақстан облысы (8%) және Атырау облысы (6%) қосты.

Жалпы алғанда 2024 жылдың қаңтар-мамыр айларында шетел валютасына бөлшек сұраныс 1,78 млрд долларды құрады. Бұл бір жыл бұрынғыдан 43,5%-ға артық. Сарапшылар, маусым айында теңге бағамының әлсіреуін ескере отырып, алдағы айларда қолма-қол шетел валютасына сұраныс артуы мүмкін деп есептейді.

Ал мамырда еуроға бөлшек сауда сұранысы екі есеге жуық төмендеп, 17,6 млрд теңгені құрады. Мамыр айында, яғни үшінші ай қатарынан халық рубльден арылуға тырысуда. Себебі сатып алудан гөрі, «қызыл ақшаны» сатуға асыққандар саны артты.

21 маусым теңгенің долларға қатысты бағамы тағы төмендеді. Оның себебін Ұлттық банк басшысы түсіндірді. Ұлттық банк басшысы биыл экономика бұрынғы деңгейде емес, сондықтан теңгенің нығаюы іргелі сипатқа ие болмағанын да атап өтті.

Еске сала кетсек, 17 маусым биржада теңге бағамы 1,6%-ға құнсызданды. Бұл 2023 жылдың тамызынан бері жоғары көрсеткіш. Ал 21 маусым доллар 465 теңгеден саудалануда.  

Сондай-ақ оқыңыз