Жаңалықтар

Министр жылыту маусымына дайындықты әлі бастамаған кәсіпорындарды атады

Министр энергетики рассказал на каких ТЭЦ сорваны сроки ремонта и почему
Сәтқалиев жылыту маусымына дайындықты кеш бастаған жылу өндірушілерді сынға алды / Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Аружан Махсотова 

Үкімет отырысында Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев жылыту маусымына дайындықты кеш бастаған немесе әлі бастамаған кәсіпорындарды сынға алды.

Оның айтуынша, Риддер жылу электр орталығында № 5 (бесінші)  қазандықты жөндеуді бастау керек, бірақ жөндеу әлі басталмаған. Ал Екібастұз жылу электр орталығында жөндеу жұмыстарының басталу мерзімі мамырдан маусымның үшінші онкүндігіне ауыстырылды. Теміртаудағы екінші жылу электр орталығында «Qarmet»-тің № 1 қазандығын жөндеуді бастау мерзімі маусымнан тамызға – 2 айға шегерілді.

«Жезқазған жылу электр орталығында тиісті резервті қамтамасыз ету үшін № 5 қазандықты жөндеуді қыркүйекке дейін жеделдету қажет. Жөндеу жұмыстарының бір бөлігін өткен жылдан осы жылға ауыстыруға байланысты «МАЭК» электр станцияларында энергетикалық жабдықтың барлық жоспарланған жөндеу жұмыстарын жеделдету қажет», – деді министр.

Кентау жылу электр орталығында № 5 қазандықты жөндеу басталған жоқ. Ал № 8, 11 қазандықтарды реконструкциялау бойынша мерзім сақталмаған 3 -тен 24 тәулікке дейін. Ал № 7 және 12 қазандықтарды реконструкциялау енді ғана басталды.  

Степногорск жылу электр орталығында жөндеу мерзімдерін кейінгі мерзімге ауыстыру атап өтілді.

Айта кететіні, 1 мамырда  «Топар» ГРЭС-те жөндеу жұмыстары басталуы керек еді. Алайда жұмыстар басталмаған. Жөндеу жұмыстары 1 шілдеде аяқталады деп жоспарланған. Қарағанды ​​облысындағы ЖЭО-2 «Qarmet»-ке (соңғы бенефициар – Qazaqstan инвестициялық корпорациясы арқылы Андрей Лаврентьев), «Топар» ГРЭС – Kazakhmys Energy (голландиялық Kazakhmys Holding Group B.V. иелігінде. Ол Владимир Ким және Эдуард Огайға тиесілі «Қазақмыс Корпорациясы» холдингінің құрамына кірмейді) тиесілі.

18 маусымда «Павлодарэнергоға» қарасты 2-ЖЭО қазандығында күрделі жөндеу жұмыстары басталуы керек еді. Бірақ жоспар іске аспады. Жөндеу жұмыстары кестеден бір айға кеш басталмақ..

Еске сала кетсек, Қазақстанда жылу электр орталықтарын жөндеуге 380 млрд теңге қарастырылған. Қаржы 70%-ға жуық тозығы жеткен жылу электр стансаларына жұмсалмақ. Бұл ақшаның бір бөлігі жоспарлы тарифтерді көтеруге бағытталады. Осы станциялардың иелері есебінен салынады. Қалған қаражат Үкімет резервінен алынады.