Жаңалықтар

Гидра аралында орманды өртеуге себепкер болған яхтадағы туристер арасында танымал қазақстандықтар болуы мүмкін – БАҚ

Пассажирами яхты, устроившими пожар на греческом острове, могли быть известные казахстанцы
фото кадр көшірмесі/ youtube.com/Pronews.tv, бильд-редактор Артур Алескеров

Halyk Bank  басқарма төрағасы Үміт Шаяхметова мен Forbes тізіміндегі қазақстандық кәсіпкер Данияр Әбілғазин Persephoni I яхтасында болған болуы мүмкін.

Жергілікті биліктің хабарлауынша,  туристер отшашуынан Грекияның Гидра аралында өрт тұтанған. Кемедегі жолаушылардың тізімін OCCRP журналистері қолға түсірді. Шаяхметова мен Әбілғазиннің өкілдері «Курсивке» бұл ақпарат бойынша түсініктеме берген жоқ.

Журналистердің жазуынша, ұшақта Үміт Шаяхметованың күйеуі мен қызы, Данияр Әбілғазиннің әйелі және тағы бірнеше адам болған. Оқиға болған күні ертеңіне Данияр Әбілғазиннің ұшағы Афинадан Алматыға ұшып кетті.

Өткен демалыс күндері грек ақпарат құралдары бір топ қазақстандық турист Гидра аралының жағалауында яхтадан отшашуды атқылаған кезде абайсызда орманды өртегенін хабарлады. Оның ауданы 300 мың шаршы метрден астам болды. Отты сөндіруге бірнеше бригада мен тікұшақ қатысты.  Бұған дейін жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, туристер өртті өз беттерімен сөндіруге тырысқанымен, нәтиже болмаған. Көп ұзамай олар құтқарушыларды шақырып, оқиға орнынан кетіп қалды.

Оқиғаға қатысты тергеу шаралары аясында полиция дереу 13 адамды ұстады. Олардың барлығы Пәкістан азаматтары болып шықты. Олар кеме экипажының арасында болса керек. Гидра әкімдігі де яхтада демалған адамдар туралы ақпарат жариялаған жоқ. Бұл ретте олар келтірілген шығынды есептеп, өтемақы алу үшін заңды талаптарға дайындалып жатқандарын атап өтті.

Үміт Шаяхметова 2009 жылдан бері Halyk Bank-тің басқарма төрайымы қызметін атқарып келеді. 2023 жылы банк өзінің таза кірісін 21,8%-ға арттырып, 693,4 млрд-қа дейін жеткізді. Банктің негізгі акционерлері Тимур мен Динара Құлыбаевтар, олар ALMEX холдингі арқылы 56,4%-ды иеленеді. 23,14%-ы номиналды тұлға ретінде әрекет ететін және Лондон қор биржасында сатылатын депозитарлық қолхаттарды шығаратын Bank of New York банкіне тиесілі.

Данияр Әбілғазин 380 миллион доллар байлығымен Forbes Қазақстан рейтингінде 21-орынды иеленеді. Ол Qazaq Oil, SinoOil and Gas Energy жанармай құю станциялары желілері, PTC Operator LLP, Petroleum LLP, RTI-ANPZ ЖШС, SilkwayTransit және басқа да компаниялардың акцияларына ие.

Грецияның өзінде бірнеше айдан бері орман өрті тоқтамай отыр. Ауа райының қатыт ыстық болуынан ондаған мың гектар орман өртеніп жатыр. Көбінесе ауылдық жерлердің жүздеген тұрғыны үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды.

Бұл – Еуропада яхтада демалған қазақстандықтарға қатысты болған бірінші оқиға емес. 2020 жылдың тамыз айында Сардиния жағалауында Lady MM яхтасы өртеніп, кейін суға батып кетті. Жағалау күзеті суға батып бара жатқан кемеден 17 адамды құтқарды. Олардың барлығы яхтадан өздері шығып, жағалау күзеті келгенше шағын қайықты паналады. Сол жерден оларды жағалауға алып кетті.