Жаңалықтар

Батыс Қазақстан облысындағы электр желілерін қалпына келтіруге үкімет резервінен 1,1 млрд теңге бөлінді

Интер РАО удвоит рентабельность при операциях с Казахстаном
Фото: .kursiv.media архиві

Батыс Қазақстан облысындағы электр желілерін қалпына келтіруге Үкімет резервінен 1,1 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы Премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлайды.

Қаражат табиғи сипаттағы төтенше жағдай салдарын жою шеңберінде өңірлік бюджетке аударылады. БҚО әкімдігі Энергетика министрлігіне 1 желтоқсанға дейін қаражаттың мақсатты пайдаланылғаны жөнінде есеп беруге тиіс.

» ҚР Үкіметінің қаулысымен Батыс Қазақстан облысындағы алапат су тасқынынан кейін әуедегі электр желілерін қалпына келтіру үшін төтенше резервінен 1,1 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді», – деп жазылған хабарламада.

Қалпына келтіру жұмыстары:

  1. Бәйтерек ауданындағы Шалғай – Таловая;
  2. Кеңтүбек (Григорьевка) – Бөрлі ауданындағы Александровка;
  3. Шыңғырлау – Шыңғырлау ауданындағы Ащысай (Мырзагора) учаскелерінде жүгізіледі.

Көктемдегі алапат су тасқыны салдарынан инженерлік, әлеуметтік инфрақұрылым және жолдар бүлінген болатын. Атап айтқанда, 2,3 мыңнан астам электрмен жабдықтау тірегі қирап, 54 шақырым желі үзілген. Қазіргі таңда оның 40%-дан астамы қалпына келтірілді, жұмыс жаз айларында қарқынды жалғасып жатыр.

Сондай-ақ Қостанай облысында электр желілерін қалпына келтіруге Үкіметтің төтенше резервінен 1,3 млрд теңгеден астам қаражат бөлінген. Арқалық қаласы, Амангелді және Жангелді аудандарындағы электр желілері қалпына келтіріледі.

Павлодар, Екібастұз және Ақсу қаласының жылу желілерін жаңғыртуға Үкімет резервінен 9 млрд теңге бөлінген болатын.