Зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алуды тоқтату: Еңбек министрлігі мен БЖЗҚ арнайы есептеулер жүргізеді

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Тамара Дүйсенова Еңбек министрлігі сарапшылардың ұсынысын қолдағанын атап өтті / Коллаж: kursiv.media

Зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алуға тыйым салына ма? Бұл сұраққа Мәжіліс кулуарында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова жауап берді.

Оның айтуынша, зейнетақыны алуға тыйым салу туралы ұсыныс қазақстандықтардың жинақтары жеткілікті болуын қамтамасыз ету тұрғысынан жасалған.

«Сондықтан біз қазір белгіленген тәртіппен бұл мәселелерді азаматтардың мүдделері тұрғысынан, зейнеткерлердің мүдделері тұрғысынан, олар қандай мөлшерде зейнетақы алатынын қарастыратын боламыз», – деді вице-премьер.

Вице-премьер Еңбек министрлігі мен Бірыңғай зейнетақы қоры арнайы есептеулер жүргізуі тиіс екенін айтты.

«Тек осыдан кейін ғана «зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алуды тоқтату керек пе?» деген сұраққа жауап беруге болады», – деді спикер.

Журналистер Еңбек министрлігі сарапшылардың ұсынысын қолдағанын атап өтті. Бұл пікірге Тамара Дүйсенова жауап берді.

«Мен мұны есеп қорытындысы шыққан соң, әрқайсымыздың ертеңгі күні тиісті зейнетақы алуға болатын жеткілікті жинақтарымыз барына көзім жеткен соң ғана қолдаймын», – деді Дүйсенова.

Еске сала кетсек, Үкімет кулуарында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова сарапшылар Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (БЖЗҚ) қаражатты мерзімінен бұрын алуға тыйым салуды ұсынғанын айтты. Өз кезегінде министрлік бұл ұсынысты қолдап отыр.

Сондай-ақ оқыңыз