Миллиардер Владимир Ким мен Эдуард Огайға тиесілі мыс компаниясының таза кірісі 2,5 есе қысқарды

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Мыс компаниясының таза кірісі 25,6 млрд теңгеге дейін азайды / Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Денис Андреев

Владимир Ким мен Эдуард Огайға тиесілі Kazakhmys Copper компаниясының 2024 жылдың бірінші тоқсанында таза кірісі 2,5 есе қысқарды. Яғни, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 64,7 млрд теңгеден 25,6 млрд теңгеге дейін азайды. Бұл туралы Қазақстан қор биржасында жарияланған компанияның қысқартылған аралық есебінде жазылған.

Келісім-шарттардан түскен кіріс азайды

2024 жылдың бірінші тоқсанында компанияның тапсырыс берушілермен келісім-шарттардан түскен кірісі 306 млрд теңгені құрады. 2023 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіш 395 млрд теңге болатын. Бұл қаражаттың басым бөлігі катодты мыс (218 млрд теңге), алтын құймалар (36 млрд теңге) және күміс түйіршіктерін (17 млрд теңге) сатудан түскен.

АҚШ мыс сатып алушыларының тізімінде Ұлыбританияны алмастырды

2024 жылдың бірінші тоқсанында өнімнің негізгі сатып алушылары Қытай (бір жыл бұрынғы 101 млрд теңге болса, биыл 125 млрд теңге), Түркия (150 млрд теңгеге болса, биыл 92 млрд теңге). Тізімде Қазақстан (73 млрд теңгеге, биыл 62 млрд теңге) мен АҚШ (6,9 млрд теңге) бар. АҚШ 2023 жылдың бірінші тоқсанында 16 млрд теңгенің өнімін сатып алды. Осылайша аталған ел негізгі сатып алушылардың қатарында болған Ұлыбританияны алмастырды.

Өткізілген өнімнің өзіндік құны 211 млрд теңгені құрады

Нәтижесінде кәсіпорынға 94 млрд теңге жалпы кіріс кірді. Салық салынғанға дейінгі пайда 36,5 млрд теңгені құрады. Үш айда компания бір жыл бұрынғы 16 млрд теңгемен салыстырғанда 10,8 млрд теңге корпоративтік табыс салығын төледі.

Kazakhmys Copper 2016 жылдың қараша айында құрылған. Компанияның барлық акциялары Нидерландыда тіркелген KCC B.V. компаниясына тиесілі. Соңғы бас компания «Kazakhmys Holding Limited». Kazakhmys Holding Limited иелері Владимир Ким (70%) және Эдуард Огай (30%).

Мыс өндіретін Kazakhmys Copper-дің кірісі 10 есе қысқарған. Қаржы нәтижесі бойынша тау-кен өнеркәсібіндегі акцияға шаққандағы негізгі және таратылған пайдасы бір жыл бұрынғы 5,36 теңгемен салыстырғанда 0,52 теңгеге азайған.

Владимир Ким Forbes.kz нұсқасы бойынша Қазақстандағы ең бай бизнесмендер қатарында. Ол тізімінде 4-ші орында тұр. Оның байлығы 3,6 млрд долларға бағаланады, сонымен қатар ол KAZ Minerals Ltd компаниясының 63,5%-ына және RBK Bank 89,79%-ына ие.

Эдуард Огай Forbes.kz нұсқасы бойынша Қазақстандағы ең бай бизнесмендер тізімінде 13-ші орында. Оның активтер3 800 млн долларға бағаланады.

Сондай-ақ оқыңыз