Қазақстаның қор биржасында теңге бағамы нығая бастады
Қазақстан қор биржасында (KASE) 26 маусымдағы сауда-саттықта теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа сараланған бағамы 25 маусыммен салыстырғанда 0,8%-ға (3,52 теңгеге) нығайды. Осылайша 1 доллар 463,77 теңгені құрады.
25 маусым орташа сараланған бағам 1 долларға 467,29 теңге болды.
Шетел валюталарымен сауда-саттық аясында теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа сараланған бағамы 463,83 теңге болды. Сауда-саттық барысындағы төменгі көрсеткіш 462,14, максимум – 465, жабу бағамы долларға шаққанда – 463 теңге болды.
KASE мәліметіне сәйкес, 26 маусым АҚШ доллары бойынша сауда-саттық көлемі 207,026 млн долларды құрады. 25 маусым 241,168 млн доллар болған. Ал жалпы транзакциялар саны – 634.
27 маусымдағы теңгенің шетел валютасына қатысты бағамы: 1 ресей рублі – 5,30 теңге, 1 еуро – 496,34 теңге, 1 қытай юані – 63,63 теңге.
Бұл ретте Ақша айырбастау орындарында доллар 464-466 теңге бағамы бойынша саудалануда.
Еске сала кетсек, 17 маусым биржада теңге бағамы 1,6%-ға құнсызданды. Бұл 2023 жылдың тамызынан бері жоғары көрсеткіш. Ал 21 маусым доллар 465 теңгеден саудаланды. ҚР Ұлттық банкінің басшысы Тимур Сүлейменовтің айтуынша, 2024 жылдың басынан бері теңге 1,7%-ға нығайды. Алайда өткен аптадан бері теңге бағамы құлдырай бастады.