Жаңалықтар

Мидың қатерлі ісігіне қарсы дәрі жасайтын компанияның акциясы арзандап кетті

CNS Pharmaceuticals мидың қатерлі ісігін емдеумен айналысады / Фото: Shutterstock

Мидың және орталық жүйке жүйесінің қатерлі ісігіне қарсы дәрі жасайтын CNS Pharmaceuticals компаниясының акциялары сәрсенбі, 26 маусымда, арзандап кетті. Бұл бүкіл сауда бойына бағаның 35%-ға құлдырағанын көрсетті. Компания өз қағаздарын жеке инвесторларға қаншаға сататынын хабарлады. Жаңа баға – бұған дейін ұсынылған бағаның үштен біріне тең. Бұл жайт қазіргі акционерлердің үлесін айтарлықтай кеміте түсті.

Толығырақ

CNS Pharmaceuticals компаниясының бағасы 26 маусым, сәрсенбіде, NASDAQ-та бірден 35,2%-ға төмендеп, бір қағаз үшін 1,84 долларға дейін құлдырады. Бұл – компания акциясы биржаға түскен кезден бергі ең төменгі баға. Сауда жабылғаннан кейін де құлдырау жалғасып, тағы 3,8%-ға төмен түсті. Бейсенбідегі премаркетте де акция 3,3%-ға арзандады. Жалпы соңғы жылы компания 100%-ға жуық шығынға ұшырады.

Сәрсенбіде CNS Pharmaceuticals институционалды инвесторларға 568 мың акцияны 2,45 доллардан, ал бес жылдық варрантты 2,32 доллардан сататынын хабарлады. Мәміле 27 маусымда жабылады деп жоспарланған. CNS осы саудадан шамамен 1,39 миллион доллар алады әрі осы сомадан орналастыру шығынын төлеуі қажет.

Контекст

CNS екі апта бұрын институционалдық инвесторлар үшін қосымша акция шығаратынын жариялады. 10 маусымда АҚШ-тың Бағалы қағаздар жөніндегі комиссиясына (SEC) 9,2 млн долларға акцияларды тіркеуге өтініш берді. Компания 14 маусымда 366 мың акцияның әр қағазын 3,75 доллардан және сондай көлемдегі бес жылдық варранттарды 3,62 доллардан сататынын мәлімдеді. Сонымен қатар қосымша эмиссиядан кейін нарыққа компанияның 845 мың акциясы шығатынын, яғни жаңа қағаздардың үлесі 38% болатынын жазды. Мәмілені 17 маусымда жабу жоспарланған еді.  

Ал қосымша эмиссия туралы 26 маусымда жарияланған мәліметтер өзгеріп кетті: акциялар мен варранттардың бағасы үштен бірге арзандаған. Көлемі артқан жарғылық капиталдағы жаңа акциялардың үлесі 50%-дан көбірек.

Компания ақшаны айналым капиталын толықтыруға және жалпы корпоративтік мақсаттарға бағыттауды жоспарлап отыр.

CNS Pharmaceuticals немен айналысады?

CNS Pharmaceuticals мидың қатерлі ісігіне және орталық жүйке жүйесінің лимфомасы дертіне қарсы дәрі жасайды. Оның негізгі ұсынатын препараты – берубицин. Бұл – қатерлі ісіктің кейбір түрін емдеуге қолданылып жүрген антрациклиннің бір түрі.

Компанияның ойынша, берубицин басқа ұқсас дәрілерге қарағанда, гематоэнцефалиялық кедергіні жоюға барынша қабілеттірек. Ол – жүйке тіндеріне түрлі микро ағзалар мен токсиндерді өткізбейтін сүзгі тектес. Бірақ оның екінші жағы да бар, ол дәрілік заттарды да қауіпті деп санап, кейбір дертті емдеуге кедергі келтіреді.

CNS дәрісі мидың сирек кездесетін қатерлі ісігі – мультиформалық глиобластоманы емдеуге көмектесуі тиіс. Компания ұсынған статистика бойынша, диагноз қойылған сәттен бастап науқастың орташа өмір сүру ұзақтығы 15-16 ай, пациенттердің шамамен 25%-ы ғана 2 жыл өмір сүреді.  Дәрі өндіруші өз препаратына қатысты негізгі клиникалық деректер 2025 жылы ғана белгілі болады деп күтеді. Ал 2024 жылдың бірінші тоқсанындағы қаржы нәтижелеріне  қарасақ, әзірге ол тек ақша жұмсап жатыр.

Акция жайы

MarketWatch мәліметтері бойынша, компанияның қызметін бір талдаушы ғана бақылайды. Ол акцияларды портфельде ұстай тұруды ұсынады.