Брендтер TikTok ауқымы мен аудитория назарын қалай арттыра алады
Күн сайын орташа деңгейдегі интернет-қолданушы ақпараттың орасан көлемін қабылдайды. Ericsson сарапшыларының болжамы бойынша, 2023 жылы тек бір смартфон иесіне айына 19GB онлайн-контенттен келгенін жариялады. Ал 2028 жылға дейін бұл сан 46 GB-қа дейін өседі. Бұл адамдарға шамадан тыс ақпаратты қабылдауға тура келеді деген сөз. Ал digital-маркетинг тұрғысында бұл – әлеуетті клиент назарын аударуда жарнама берушілердің арасындағы шайқас. Nielsen Norman Group зерттеулері үздіксіз ақпараттық шу мен шектелген назар ресурсы жағдайында, баннерлік соқырлық қолданушылардың интернет-әрекетінің ажырамас бөлшегі болғанын көрсетті.
Компаниялар жалпы ақпарат ағыны арасында өздерінің жарнамалық хабарларына назар аударту мүмкіндігін іздейді. Бұл сұраныстарға жауап ретінде қысқаша бейнероликтерге арналған TikTok платформасы бизнеске жаңа тиімді шешімдерді ұсынып отыр. Белсенді және мүдделі TikTok қолданушыларының алып қоғамдастығының саны миллиардтан астам қолданушыға жетеді. Сондай-ақ TikTok for Business реттелген жарнамалық шешімдерінің ауқымды жинағы компаниялардың маркетингке деген көзқарасын қайта қарауға, өнімдері мен қызметтерін дамытуды жаңа деңгейге шығаруға мүмкіндік берді.
Платформаның маркетингтік шешімдері бизнеске ауқымды қалай кеңейтуге болатынын, брендке назар аудартып, ол туралы білімін қалай көтеруге мүмкіндік беретінін қарастырып көрейік.
Барынша үлкен қамтуға ие болу
Жағдайды елестетейік: сіз белгілі бір күнге бекітілген өнім немесе акцияңыздың басталғаны туралы жариялағыңыз келіп тұр. Сізге жарнамалық хабарыңыз арқылы қысқамерзімде барынша үлкен аудиторияны қамтуыңыз керек. Mandarin Pictures кинокомпаниясы өзіне дәл осындай міндет қойды делік. Яғни жаңа «Мачо дерсің» фильмі туралы премьера болатын күнін жариялап, кинотеатрлардағы көрермендер ағынын арттыру қажет. Олар бір тәуліктің ішінде ТikTok-тың 4 миллион қолданушысын қамтып, қаралымы 11 миллионға жетті. Қолданушы қосымша ішінде көретін бүкіл контент арасында өздерінің жарнамасын қалай ерекшелей алды?
Ол үшін бренд бейне-жарнаманың премиумдық TopView форматын таңдады. Мұндай бейне-жарнамалар дыбысты толық экран режимімен бірге қосымша ашылғанда көрсетіледі және көрермен жаңа ақпаратты игеруге дайын болған кезде назарын аудартуға мүмкіндік береді. TopView бейнероликтерін басуға болады және қолданушыны қосымшадан шықпай-ақ, бірден брендтің сыртқы парақшасына бағыттай алады. Олар ұсыныстар арнасындағы басқа роликтерден аса ерекшеленбейді және көрерменге пікірін бірден жариялауға ықпал етеді. Бұл формат, бренд немесе өнім танымдылығын арттыру үшін өте тиімді жұмыс істейді. Сондай-ақ TikTok қоғамдастығы оны жақсы қабылдайды. Kantar (Ad Performance Study, 2020) зерттеуі бойынша, қолданушылардың 77%-ы оны басқа платформалардың жарнамалық форматтарына қарағанда артықшылығын көреді. Ал 70%-дан астамы – оны көруге қызықты, үйлесімді, жүйкеге әсер етпейтін және бөлісуге деген құлшыныс тудырады деп есептейді. Сонымен қатар TopView форматы Mandarin Pictures брендінің аккаунтына 10 000-ға жуық жазылушы тартып, тартылу деңгейі бойынша (ER) 5,25%-ға жетіп, барлық болжамнан асып түсуге көмектескенін айтуға болады.
Ұсыныстар арнасына үйлесімді кірігу және назарды брендке шоғырландыру
Қолданушылық тәжірибе тұрғысынан алып қарайтын болсақ, TikTok-тың орталық элементі – ол ұсыныстар арнасы. Мұнда қолданушылар уақытының ең көп бөлігін өткізеді. Өздері үшін алуан идеялар, пікірлер, авторлар мен өнімдердің көп түрін табады. Ұсыныстар лентасы қосымшаға кіргенде бірден ашылады. Барынша жекелендірілген контент ұсынады және адамға шын ұнайтын заттар негізіндегі бейнероликтерді көрсетеді. Ұсыныстар арнасының жекелендірілген, дара контенті TikTok-тың алаң ретіндегі ең басты да негізгі ерекшеліктерінің бірі – бұл жерде қолданушылардың назар аудару деңгейі жоғары. Kantar («TikTok Marketing Science Global Time Well Spent», 2021 ) зерттеуінің мәліметтері бойынша, қолданушылардың жартысына жуығы платформаны қолданғанда басқа ресурстарға алаңдамайды.
Брендтерге ұсыныстар арнасына үйлесімді енуге және өздерінің жарнамалық хабарламасын барынша сәйкестендіруге мүмкіндіктері бар. Бұл мәселеде оларға In-Feed Ads жарнамалық шешімі көмектеседі. Бұл форматтағы видеолар қарапайым қолданушылық контентке ұқсас. Сонымен бірге қолданушыны қосымша жүктеуге немесе өнімді сатып алуға болатын компанияның сыртқы парақшасына бағыттауға мүмкіндік береді. Бұл жабдық – кез келген ауқымдағы бизнеске маркетингтік науқан бастауға жақсы мүмкіндік. Себебі оның бастапқы өзіндік құнының шекарасы басқаларымен салыстырғанда ең төмен.
Жарнамалық ролик қолданушылардың арнасына барынша үйлесімді еніп кетуі үшін қарапайым бейнеролик сияқты қызықты болуы тиіс. Оларды аудитория үшін қызықты етіп жасаңыз. Қауымдастық трендтерін қолдана отырып, қолданушылардың жүрегін жаулау үшін өнімді орнықты кіріктіріңіз.
Шабыт беру үшін Қазақстандағы бір кейске назар аударуға болады. Ол өз танымдылығын арттырып, жаңа тұрғыдағы ұстанымын насихаттауға бел байлаған – IZI бренді. Бұл үшін IZI ауқымды жарнама науқанын іске қосып, танымал авторларды тартты. Олар брендтің негізгі хабарын жазылушыларға жеткізуге көмектесіп, платформа стилінде брендтелген бейнероликтер жасады. Осыдан кейін олар Topview бейнежарнамалары арқылы насихатталып, In-Feed Ads көмегімен қолданушылар арнасына енді. Нәтижесінде науқан 7 миллион қолданушыны қамтыды.
Қамтуды ұлғайтудан бөлек, In-Feed Ads креативтерді көрсету стратегиясын анықтауға және қолданушыларды тарту құнын бағалауға мүмкіндік береді. Оны дәл осы мақсаттарға «Қазақтелеком» бренді өзінің TV+ қосымшасын насихаттау науқанында қолданды. «Қазақтелеком» қолайлы стратегия мен креативтерді таңдауда дұрыс шешім қабылдап, жоғары конверсия коэффициентіне қол жеткізе алды — 71%.
Қорытынды және ұсыныс
- Барынша қамту үшін ұзақ мерзімді науқандарды талап етпейді, TikTok-та миллиондаған қолданушыларға бастаманың тұсаукесерін барынша қысқамерзім аралығында жасауға болады. Жарнамалық құралдарды кампанияның жеке сипаттамалары мен бизнесіңіздің мақсаттарына сәйкес таңдау маңызды.
- TikTok құралдары қолданушының назарын оған ең қолайлы сәтте аударуға мүмкіндік береді. Брендтерге ұсыныстар арнасына орнықты енуге және көрермендерге жағымды эмоция тудыратын жарнаманы іске қосуға көмектеседі. content is king — жарнамалық құралдар барынша әсерлі болуы үшін бейнероликтер TikTok стилінде жасалуы тиіс екенін естен шығармаңыз және олардың платформа трендтері мен қауымдастық мүдделерін ескергені маңызды.
- Сонымен біз сізге кешенді шешімдерді қолдануға кеңес береміз. Қамтуға жұмыс істейтін құралдар, TikTok-тың басқа жарнамалық құралдарымен үйлескен кезде барынша әсер беріп, бренд науқандарын ауқымды түрде жариялап, оларға бұрынғыдан да үлкен аудиторияны тартады.