Қазақстандықтар тарапынан Air Astana рейстерінің жиі кешігуіне байланысты шағымдар көбейді. Бұл мәселеге қатысты әуе компаниясы түсініктеме берді.
Ақпаратқа сүйенсек, бұл бірнеше объективті факторларға байланысты.
«Олардың ішінде: ұшу кестесіне түзетулер енгізуді талап ететін әуежайдың немесе ұшу-қону жолағының уақытша жабылуы; ақаулық болған жағдайда, мысалы, құстардың соғылуына байланысты әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету және тексеру бар. Сондай-ақ мәселені бағалау және ақаулықты жою үшін белгілі бір ұшақ түріне қызмет көрсететін инженерлік персоналдың қалаға жетуі. Рейстің кешігу уақыты себепке байланысты өзгереді және басқа рейстердің ұқыптылығына каскадты әсер етеді», – деп хабарлады компания.
Әуекомпаниясы баспасөз қызметі, жолаушыларды брондау кезінде көрсеткен нөмірлері бойынша рейстің кешігуі немесе тоқтатылуы туралы хабарлап отыратынын айтады.
Егер әуекомпанияның кінәсынан рейс 2 сағаттан астам уақытқа тоқтатылса немесе кешіктірілсе, әуекомпания сусындар мен жеңіл тағамдар ұсынуға міндетті. Ал 4 сағаттан астам кешіктірілсе – ыстық тамақ беруі керек.
«6 сағаттан (түнде) немесе 8 сағаттан (күндізгі уақытта) артық кідіріс болған жағдайда, қонақүй мен әуежайдан трансфер және тамақтанумен қамтамасыз етіледі. Егер рейс 10 сағаттан астам кешіктірілсе немесе тоқтатылса, жолаушыларға оңтайлы балама маршруттар немесе билет құнын шектеусіз толық қайтару ұсынылады», – деп хабарлады тасымалдаушы.
Еске сала кетсек, сәуірде «Астана – Дубай – Астана» бағытындағы Air Astana рейстерінің кешігіп келді. Мұны компания Таяу Шығыстағы геосаяси жағдайға байланысты деп түсіндірді.