ITS санкцияланған Санкт-Петербург биржасының қатысуынсыз жұмыс істеу үшін АХҚО алаңында жеке инфрақұрылымын іске қосты

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
ITS санкцияланған Санкт-Петербург биржасының қатысуынсыз жұмыс істеу үшін АХҚО алаңында жеке инфрақұрылымын іске қосты
Жеке инфрақұрылым шығындарды барынша азайтуға арналған / Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

ITS халықаралық сауда алаңы сауда-саттыққа қатысушыларға Астана халықаралық қаржы орталығында (АХҚО) локализацияланған жеке биржалық инфрақұрылымын ұсынды. Сынақ форматы биржалық нарықта қаржы делдалдарына есеп жүйесіне бейімделуге мүмкіндік береді.

«АХҚО негізінде құрылған ITS-тің жеке инфрақұрылымы есеп айырысу депозитарийін және клирингті қамтиды. Бұл инфрақұрылым посттрейдингтік қызмет көрсетудің толықтай циклын қамту үшін және инвесторлардың халықаралық инвестициялық құралдардың жаһандық өтімділігіне қолжетімділігін қамтамасыз етуге, шығындарды барынша азайтуға арналған», – деп хабарлады сауда алаңы.

ITS транзакцияларды жасау кезінде орталық контрагент моделін қолданатын Қазақстандағы алғашқы платформа. ITS өзінің биржалық инфрақұрылымының бөлігі ретінде 2024 жылдың 6 маусымында AFSA лицензиясын алған ITS Central Securities Depository (CSD) еншілес ұйымын құрды. Ұйым орталық депозитарий ретінде жұмыс істеуге және бағалы қағаздарды есепке алу функцияларын орындауға бағытталған.

Сауда алаңында 1720 халықаралық бағалы қағаздар бар. Оның ішінде 191 ETF, сондай-ақ акциялар мен депозитарлық қолхаттар. Бағалы қағаздармен сауда-саттық олардың бастапқы листинг валютасында – АҚШ долларында жүзеге асырылады. Қазақстанның ұлттық валютасы теңгені АҚШ долларына айырбастауға болады. Бұл қызмет сауда алаңында аккредиттелген брокерлердің қызметі арқылы іске асырылады.

ITS-те ұсынылған халықаралық бағалы қағаздар Dow Jones Industrial Average, Nasdaq-100, S&P 500 сияқты әлемдегі ең ірі индекстерге кіреді. Бұған қоса әлемдік экономиканың 69 саласын қамтиды.

Бағалы қағаздар бойынша есеп айырысу келесі сауда күнінде жүзеге асырылады. ITS сауда күнтізбесі NASDAQ және NYSE сауда күнтізбелерімен синхрондалады.

Бұған дейін қазақстандық 2023 жылдың қарашасында ITS биржасының жұмысы шектелді. Оған Санкт-Петербург биржасының АҚШ-тың санкциялық тізіміне енуі ықпал етті. «СПБ биржи» санкцияларға ұшырағанға дейін ITS ресейлік сауда алаңының клирингтік және есеп айырысу инфрақұрылымында жұмыс істеді.

Былтыр Астана халықаралық қаржы орталығы өзінің еншілес компаниясы арқылы ITS сауда алаңының 10%-ын иелене бастады.

Сондай-ақ оқыңыз