АҚШ округтік соты Әблязов мен Храпунов сыбайластарына "БТА банктен" жылыстатылған қаражатты қайтаруға міндеттеді

Жарияланды (жаңартылды )
АҚШ округтік соты М. Әблязов, В. Храпунов сыбайластарына жылыстатылған қаражатты қайтарып, өтемақы төлеуді міндеттеді / shutterstock и kursiv.media

Үш аптаға созылған сот процесінен кейін, Нью-Йорктің Оңтүстік округі бойынша АҚШ округтік соты алқабилері сот үкімін Алматы қаласы әкімдігінің (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі) және «БТА Банкі» АҚ үшеуінің пайдасына шешті. Феликс Сатерге, Bayrock Group, Inc., Global Habitat Solutions және MeM Energy Partners LLC-ге қатысты шағымдарды (мүлікті заңсыз иемдену, негізсіз баю және қаражат алу) мақұлдады. Қазылар қарсы тарапқа өтемақы ретінде 32 миллион долларды төлеуді міндеттеді.

Әділет министрлігінің мәліметі бойынша сот отырысында М.Әбілязовтың БТА банкке қатысты алаяқтығы және Батыс сотында алғаш рет В. Храпуновтың Алматы қаласында жасаған алаяқтық ісі жөнінде бұлтартпас дәлелдер ұсынылды. Әбілязов БТА-дағы қызметін асыра пайдаланып, миллиардтаған доллар жалған несие беруді ұйымдастырды. Ақыр соңында Әбілязовтың алаяқтығы әшкереленіп, Қазақстанда үшінші ірі банк болған қаржы ұйымы күйреп тынды.

ҚР Әділет министрлігі Алматы қаласының бұрынғы әкімі В. Храпунов қызметін асыра пайдаланып, мемлекеттік жер телімдерін жекешелендіргенін дәлелдеді. Экс-әкім өзі немесе оның әйелі басқаратын компанияларға, ал кейбір жағдайларда М. Әблязовтың бақылауындағы компанияларға жер учаскелерін нарықтағы құнынан төмен бағамен сатқан. Храпуновтың кесірінен Алматы тұрғындары 300 миллион доллардан астам шығынға батқан. Қаладағы түрлі жер телімдері игерілмей қалған.

Сатер мен Мочкин схемасы

Қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін екі рет сотталған Сатер І. Храпуновқа (В. Храпуновтың ұлы) Қазақстан Республикасынан АҚШ-қа М. Әбілязов пен В. Храпунов ұрлаған 40 миллион доллардан астам қаражатты инвестициялауға көмектескен. Оның ішінде жылжымайтын мүлік және кем дегенде екі жеке инвестициялық жоба болған. Сатер Ілиястың әпкесі Эльвира Кудрышоваға да алаяқтық жолмен инвестициялық виза алған. Bayrock Group, Inc. және Global Habitat Solutions (Sather компаниясы) ұрланған ақшаны одан әрі жасыру үшін пайдаланылды. Толығымен Мендель Мочкинге тиесілі MeM Energy Partners LLC компаниясы да Сатерге ұрланған ақшаны америкалық қаржы жүйесіне инвестициялауға көмектесті.

Қазылар алқасы әртүрлі куәгерлердің, оның ішінде Әбілязовтың кезіндегі алаяқтыққа жауапты банк бөлімшесінің бұрынғы қызметкерлерінің, сондай-ақ ұрланған қаражатпен айналысқан америкалық инвесторлардың, ақшаны жылыстату схемасына қатысы бар тұлғалардың және әртүрлі сарапшылардың уәждерін тыңдады. Бұл айғақтар сот-сараптамалық есеп, алаяқтық және ақшаны жылыстату, жылжымайтын мүлік және иммиграция салаларына қатысты.

Сатер мен Мочкин де егжей-тегжейлі айғақтар берді. Оларды үш күн бойы Boies Schiller Flexner LLP компаниясындағы БТА-ның америкалық кеңесшісі тексерді. Жауап алу кезінде Сатер мен Мочкин Әблязов пен Храпуновқа қатысты алаяқтық айыптары туралы біле тұра, қаражатты жылыстатқанын мойындады. Олар қаражатты бұғаттау туралы Ағылшын Жоғарғы соты шығарған үкімдер мен қаулылардан хабардар болғанына, Әбілязовтың Англияда сотты құрметтемегені үшін сотталғанын және оның Францияда кейін қамауға алынғанын білгеніне қарамастан, осындай қадамға барған.

Әблязовтің үгіт-насихатына көмектескен

Осы екеуі  Әбілязов пен Ілияс Храпуновқа және Әбілязовтың көптен бергі «сенімді өкілі» Питер Салхасқа ағылшын соттарының шешімдерінің заңдылығы жөнінде дауласып, қаулылардың орындалуын тоқтата тұруға, оның ішінде ағылшын соттарында сыбайлас жемқорлыққа қатысты жалған қастандық теориясын өршітуге  көмектескендерін мойындады. Әлеуметтік желілерде Әблязовті қолдайтын үгіт-насихат науқанын жүргізуге де жәрдемдескені мәлім болды.

Қазылар қарсы тараптың айғақтарын қабылдамады және олар Әблязов БТА банктен және Виктор Храпунов Алматы қаласынан ұрлаған ақшаны саналы түрде жылыстатқан деген қорытындыға келді.

Сот отырысының басталуына бірнеше сағат қалғанда тағы екі жауапкер – Дэниел Ридлофф пен «РРМИ-ДР» ЖШС Алматы қаласы мен БТА-ға барлық ұрланған қаражатты қайтаруға келісті. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің өтініші бойынша судья Келтл RRMI-DR -ға қатысты шешім шығарды. Жетінші жауапкер «Ferrari Holdings» ЖШС дефолтқа ұшыраған. Әділет министрлігі (Алматы қаласы әкімдігінің мүддесі үшін) мен БТА оған да қатысты шешім шығаруды сұрайтын болады.

Санкция салмақ

Бүгінгі шешім сол соттың 2022 жылы І. Храпунов бақылауындағы Triadou SPV S.A. компаниясына шығарған үкімінен кейін шықты. Осы іс жүргізу барысында Әділет министрлігі (Алматы қаласы әкімдігінің мүддесі үшін) және БТА банк Әблязов, І. Храпунов және В. Храпуновтың сот бұйрығына бағынбағанын, дәлелдемелерді жойып, дәйек келтіруден бас тартқанын дәлелдейтін нақты айғақтарды көрсетті. Нәтижесінде Америка Құрама Штаттарының Нью-Йорктің Оңтүстік округі бойынша АҚШ округтік сотының судьялары Әблязов пен Храпуновтарға қарсы санкциялар қолдану туралы көптеген қаулы шығарды. Оған қоса Әблязов пен І. Храпуновты сотты құрметтемегені үшін кінәлі деп тапты.

Айта кетейік, Мұхтар Әблязовтың тағы бір сыбайласы 2009 жылдан бері іздеуде жүрген Алексей Владимирович Богданов Қазақстанға өз еркімен қайтарылды.

Сондай-ақ оқыңыз