Жаңалықтар

«Қазақтелеком» 19 шілдеде жылдың бірінші жарты жылдығындағы қызметі туралы есеп береді

«Қазақтелеком» 19 шілдеде жылдың бірінші жарты жылдығындағы қызметі туралы есеп береді / Фото: «Қазақтелеком»

«Қазақтелеком» акционерлік қауымдастығы 2024 жылдың 19 шілдесі сағат 12.00-де осы жылдың бірінші жарты жылдығындағы қызметі туралы есеп береді.

«Қазақтелеком» АҚ байланыс операторлары мен мүдделі тұлғалардың  назарына 2024 жылдың 19 шілдесінде сағат 12.00-де кәбілдік кәрізді мүліктік жалдауға (жалға алуға) немесе пайдалануға беру қызметтері бойынша табиғи монополия субъектісі ретінде «Қазақтелеком» АҚ-ның 2024 жылдың 1 жарты жылдығының қызметі туралы есеп өтетінін жеткізеді», – делінген компания хабарламасында.

Ақпаратқа сүйенсек, есеп бейне-конференцияға арналған қосымша арқылы онлайн форматта өткізіледі. Есепті тыңдау үшін алдын ала hambar.b@telecom.kz электронды адресіне өтініш білдіру қажет.

Сәуірде «Қазақтелеком» АҚ 2023 жылға арналған қаржылық есебі жарық көрген. Оған сөйенсек, компанияның салыққа дейінгі пайдасы 18,4%-ға, 134,237 млрд теңге, операциялық пайдасы – 11%-ға төмендеп, 161,311 млрд теңгені құрады. Жалпы пайда 1%-ға өсіп, 237,728 млрд теңгеге жетті.

Компанияның активтері 15,2%-ға өсіп, 1,483 трлн теңгеге, міндеттемелері – 22,1%-ға, 679,338 млрд теңгеге, меншікті капиталы – 10%-ға, 803,662 млрд теңгеге дейін өсті.
Жарғылық капитал 12,136 млрд теңге деңгейінде қалған.