Астана халықаралық қаржы орталығының қаржылық қызметтерді реттеу жөніндегі комитеті AFSA лицензиясы бар платформаларда сауда жасау үшін Toncoin-ді (Telegram Open Network (TON) блокчейніндегі цифрлық актив) зерделеп мақұлдады. Бұл туралы сауда алаңы хабарлады.
«AFSA кешенді тексеру нәтижелері бойынша шешім қабылдады. Оның барысында Toncoin AFSA белгілеген нормативтік стандарттарға сәйкес келетіндігі анықталды. Енді инвесторлар сенімді реттеуші базаны және АХҚО белгілеген инвесторларды қорғау шараларын пайдалана отырып, AFSA лицензияланған платформаларда Toncoin сауда жасай алады», – деп хабарлады АХҚО.
Toncoin-ді қаржы орталығының реттелетін ортасына қосу қауіпсіз және ашық сауда жасауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар ол институционалдық және бөлшек инвесторлардың жаңа толқынын тартады деп күтілуде.
Бүгінде халықаралық қаржы орталығы 107 цифрлық активті мақұлдады.
Бұған дейін ITS биржасы санкцияланған Санкт-Петербург биржасының қатысуынсыз жұмыс істеу үшін АХҚО алаңында жеке инфрақұрылымын іске қосты. Алдағы уақытта жаңа Салық кодексінде АХҚО үшін жеңілдіктер алынып тасталуы мүмкін.