Биыл экономиканың дамуына қай салалар үлес қосты?

Жарияланды
Экономиканың дамуы бойынша құрылыс саласы оң динамика көрсетті / Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы 2024 жылғы қаңтар- наурыздағы жалпы ішкі өнім бойынша көрсеткіштерді жариялады.

2024 жылғы қаңтар-наруыздағы жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) нақты көлем индексі (НКИ) 2023 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 103,8%-ды болды. ЖІӨ құрылымында тауарлар өндірісінің үлесі –35,1%, қызметтер – 57,9%-ды құрады.

«Ең үлкен өсімді құрылыс – 115,9%, ақпарат және байланыс – 110,1%, көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну салалары – 109,1% көрсетті», – деп хабарлады бюро.

Жалпы ішкі өнімнің нақты көлем индексіне ең үлкен салымды өңдеу өнеркәсібі – 0,82%, құрылыс – 0,62% және көтерме және бөлшек сауда саласы қамтамасыз етті. Сонымен қатар бұл тізімде автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу – 0,54% саласы да бар.

Бұл ретте жалпы ішкі өнімнің – нарықтық бағалардағы өндіруші-резиденттердің өндірістік қызметінің түпкілікті нәтижесі болып табылады. Жалпы ішкі өнімнің нақты көлем индексі деген не? Бұл экономикада нақты кезеңдегі тауарлар мен қызметтер өндірісі көлемінің өзгерісін сипаттайды.

Бұл ретте Қазақстан Үкіметі ЖІӨ деңгейін 6%-ға жеткізуді көздеп отыр.

Еске сала кетсек, Дүниежүзілік банк Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 2024 жылы 4,3% деңгейінде болады деп болжады. 2025 жылы 4,5% деңгейінде өседі деп хабарлады. Жаһандық банк 2023 жылдың маусымында елдің экономикалық өсуін 2024 жылы 4% және 2025 жылы 3,6% деңгейінде қалыптасады деп болжаған еді.

Қаржы ұйымының бағалауы бойынша, 2023 жылы Қазақстанның ЖІӨ-сі 4,5% өскен.

Ал Халықаралық валюта қоры әлемдік экономиканың болашағына қатысты болжамын жаңартты. Оған сәйкес әлем экономикасы биыл және келесі жылы да 3,2% өседі. Алайда бұл көрсеткіш 2000-2019 жылдардағы әлемдік орташа деңгейден төмен.

Сондай-ақ оқыңыз