Ильхам Әлиев Әзербайжан парламентін таратып, мерзімінен бұрын сайлау өткізу туралы шешім қабылдады
Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев республиканың алтыншы шақырылған Милли межлисті (парламент) таратып, кезектен тыс сайлау өткізу туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды «Әзертаж» мемлекеттік агенттігі.
«Әзербайжан Республикасы Констиуцияның I бөліміндегі 109-бабының 1-тармағын басшылыққа ала отырып, қаулы етемін: алтыншы шақырылымдағы Милли межлис таратылсын», – деп келтіреді агенттік құжаттан.
Кезектен тыс парламент сайлауы 1 қыркүйекке белгіленген.
21 маусымда биліктегі «Жаңа Әзірбайжан» партиясының депутаттары кезектен тыс парламент сайлауын өткізу туралы Әлиевке жүгінді.
Талқылау барысында депутаттар кезектен тыс парламент сайлауын өткізуді мақсатқа сай деп санап, маңызды халықаралық шаралар Әзербайжанда өтетінін айтты. Талқылаудан кейін өтініш дауысқа салынып қабылданды.
Еске сала кетсек, биыл Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы тауар айналымы 5 есеге өсті.