Тұрғын үй нарығындағы «көпіршік»: сарапшылардың есебінше Қазақстанда баспана бағасы тұрақталып келеді
Қазақстандық тұрғын үй нарығындағы «көпіршік индексі» төмендеу үрдісін жалғастыруда. «Отау» жаңа жеңілдетілген ипотекалық бағдарламасының іске қосылғанына қарамастан, нарықта оң динамика байқалады. Бұл туралы Экономикалық зерттеулер институтының маманы Бауыржан Темірбаев жазды.
«Тұрғын үй нарығындағы бағаның қалыпты өсуі шаршы метр құны мен құрылыстың нақты шығындары арасындағы айырмашылықты азайтуды жалғастыруда. Құрылыс компанияларының табысы төмендеп келеді», – деп жазылған зерттеуде.
Айта кету керек, жеңілдетілген бағдарламаның қатысушыларға қоятын арнайы талаптары бар. Мысалы, бағдарламаға қатысушының және оның отбасы мүшелерінің Қазақстан Республикасында соңғы 5 жыл ішінде жылжымайтын мүлкі болмауы керек. Бұл ретте бұл бағдарламаны қаржыландыру көлемі айтарлықтай қомақты емес – 150 млрд теңге.
«Нарықтағы бағалардың қалыпты өсуі шаршы метр құны мен құрылыстың нақты шығындары арасындағы айырмашылықтың азаюына ықпал етуде», – дейді маман.
Бұл ретте сәуірде 133,9 млрд теңгеге ипотекалық несие берілген. Ипотекалық портфельдің көлемі 5,7 трлн теңгені құрады. Ол екінші деңгейлі банктердің экономикаға берген несиесінің 19,7%-ын құрайды.
«Осылайша, несиелер портфеліндегі ипотека үлесінің төмендеуі жалғасуда. Бұған сәуірде орта есеппен ипотекалық мөлшерлеме деңгейінің 11,2%-ға дейін көтерілгені әсер етті. Сондай-ақ кейінгі айлардағы бұл субиндекстің динамикасы салыстырмалы түрде тұрақты болды», – деп түсіндірді сарапшы.
Мысалы, тұрғын үй нарығында сұраныс өскен жоқ. Сәуірде жылдық мәнде сатып алу-сату операцияларының саны 0,6%-ға азайды, айлық көрсеткіш – 18,4%-ға өсті.
Бұған қоса тұрғын үй бағасының өсімі елдегі инфляция деңгейінен төмен. Яғни сәуірде инфляция наурызбен салыстырғанда 0,6% болса, бастапқы тұрғын үй бағасы -0,4%-ды құрады.
Еске сала кетсек, 1 наурызда «Отау» жаңа тұрғын үй бағдарламасы іске қосылды. Бағдарламаға қатысушыда және оның отбасы мүшелерінде соңғы 5 жыл ішінде жылжымайтын мүлік болмауы керек. Алматы және Астана қалаларынан тұрғын үй алатын жағдайда аталмыш қалаларда тұрақты тіркеу болуы қажет.