Жаңалықтар

SEO сәтті жасалуы үшін жасанды интеллектіні қалай қолдануға болады?

жасанды интеллект
SEO сәтті жасалуы үшін жасанды интеллектіні қалай қолдануға болады?/Фото: kursiv.media

Қолданушы үшін күрес күшейген заманда SEO басты фактордың біріне айналды. Себебі осы құрал арқылы көптің назарын аударып, нысанаға дөп тиюге болады. Оған қоса, жасанды интеллект қолданысы артқан сайын бұл екеуінің дуэті керемет нәтижелерге жеткізеді. Өз саласында үздіктердің қатарынан табылғысы келетіндерге SEO + AI комбосынан артығы жоқ. Олай болса, бүгінгі материалымызда SEO үшін жасанды интеллект қолданғанның артықшылығы мен кемшілігіне шолу жасап көрейік. 

Мәтіннің майын тамызатын AI

Қазір мәтін жазуға жасанды интеллект қолданатындар көбейді. Себебі әрі оңай, әрі ұтымды құрал. Күрделі алгоритмдер мен машинаны үйрететін модельдер арқылы жасалғандықтан, жасанды интеллект өте ауқымды деректерді жылдам анализдеп, содан жаңа мәтінді дереу генерациялайды. Бұл модельдер түрлі мәтін дереккөздерін шолады. Оның ішінде жаңалықтар, мақалаларда бастап, көркем әдебиеттің өзіне еніп, небір стиль мен жанрға салып жаза алады. Жалпы алғанда жасанды интеллект қоғамның барлық дерлік саласына сілкініс әкелген революциялық технология екені белгілі.

Мәтін жазуға арналған AI негізіндегі жүйе өте көп. Солардың бірқатарын мысал ретінде атап өтейік:

  • OpenAIs GPT-3. Мәтін генераторларының ішіндегі ең мықтыларының бірі. Түрлі тақырыпта, сапасы өте жоғары мәтіндер жазып бере алады.     
  • Google AIs BERT. Іздегенде нәтижесі сапалы болып шығуы үшін, мәтінді түсіну маңызды шаруаларды атқаруға қолданылады.
  • AI Writer. Жасанды интеллектіні мақала, жаңалық және өзге де мәтін түріндегі контентті автомат түрде жазғызу үшін қолданылатын коммерциялық сервис.  
  • Copy.ai. Маркетологтар, копирайтерлерге таптырмас көмекші. Жарнама мәтіндерін, әлеуметтік желіге арналған постар секілді контенттер дайындайды.

SEO + AI: артықшылығы қандай?

Бұрын SEO-мамандар кілтсөз, контент жазып, бетті оңтайландыруға өте көп күш салатын. Оның барлығын қолмен жазатындықтан, әжептәуір қиын. Ал енді жасанды интеллект пайда болғалы бұл жұмыс жеңілдеді. Тіпті SEO саласына айтарлықтай өзгеріс ала келді. Іздеу оптимизациясына SEO+AI қалай әсер ететініне тоқталайық.

Іздеу үшін кілтсөздерге жасанды интеллект қолдануға болады. Біле білсеңіз, SEO үшін ең маңыздысы да сол. Себебі SEO  — трафик әкелетін, қолданушылардың қажетіне сай болатын контентті әзірлегенде ескерілетін басты дүние. Кілтсөздерге анализ жасайтын дәстүрлі тәсіл қазір ескірді десек болады. Өйткені оған көп уақыт пен ресурс керек. Қолмен деректерді жинап, анализ жасап, интерпретациялау оңай емес. Жасанды интеллект болса, осы жерде ойын ережесін өзгертіп жіберді. Қазір кілтсөзге анализ жасау процесі айтарлықтай жеңілдеді. Ол аздай, нақтырақ бола түсті.

Жасанды интеллект кілтсөздерге қалай анализ жасайды?

AI-құралдар көлемді деректерді өңдеу үшін күрделі алгоритмдерді қолданады. Мыңдаған іздеу сұраныстарына анализ жасап, тенденциялар мен үлгілер таба алады. Оны қолмен істеу өте қиын. Екінің бірінің қолына келе бермейді. Ендеше, жасанды интеллект құралдарының не істей алатын шолып шығайық:  

  • Сәйкес келетін кілтсөздерді анықтап бере алады. Жасанды интеллект сіздің аудиторияыңызда жиі қолданылатын кілтсөздерді тез таниды. Соның арқасында бизнесіңіз үшін маңызы зор терминдерге баса назар аударуға мүмкіндік бар.
  • Кілтсөздердің қаншалықты танымал екеніне болжам жасайды. Жасанды интеллект деректердің тарихына шолу жасап, трендтерге анализ жасай алады. Осылайша болашақта қандай кілтсөздер танымал болатынын болжайды. Ұзақ уақыт бойы трендтен түспей тұратын кілтсөздер анықтауға жақсы көмектеседі.
  • Кілтсөздердің бәсекеге қаншалықты қабілетті екенін бағалай алады. Жасанды интеллект құралдары қазіргі контент пен бәсекеге анализ жасау арқылы белгілі бір кілтсөздер бойынша рейтиңнің қаншалықты қиын болатын бағалайды. Ол болса, нақты керек кілтсөздерді таңдауға мүмкіндік береді.

Кілтсөздерге анализ жасауға көмектесетін AI-құралдар

  • Google Keyword Planner. Жасанды интеллектіні іздеу трафигіне болжам жасау үшін қолданады. Сөйтіп өткен деректерге сүйене отырып, кілтсөздер ұсынады.
  • Ahrefs. Іздеу сұраныстарына анализ жасау үшін жасанды интеллект қолданылады. Осылайша бәсеке мен әлеуетті трафикке сай кілтсөздер шығарып береді.
  • SEMrush. Кілтсөздер туралы ауқымды деректерге анализ жасау үшін жасанды интеллектіні қолданады. Сонымен бірге қайтара сілтемелер мен таза іздеу трафигіне де AI қолданылады.

Келесі артықшылығы — беттерге жасанды интеллект көмегімен оптимизация жасауға болатыны. AI беттерді оңтайландыру процесіне елеулі үлес қосады. Барынша нақты әрі терең анализ жасайтындықтан, сайт құрылымы, метедеректер мен контент мазмұнын да жақсырақ біледі. Қалай көмектеседі десеңіз, айтайық.

  • Сайт құрылымына анализ жасай алады. AI URL құрылымын, ішкі сілтемелерді, метатегтерді, тақырыптар мен контентті анализдейді. Сол анализге сүйене отырып, жасанды интеллект сол элементтерді қалай жақсартуға болатынына қатысты нұсқаулық береді.
  • Тақырыптарға қатысты нұсқаулық дайындайды. Жасанды интеллект қандай тақырып қойса (H1, H2, H3), өтімді болатынын нұсқайды. Әлбетте, бұл орайда ол SEO тұрғысынан қарастырады. Тақырып дұрыс қойылса, іздеу жүйелері беттің құрылымы мен мазмұнын жақсырақ біледі. Ол болса, рейтиңді көтереді. 
  • Кілтсөздер қоюға қатысты кеңестер. Жасанды интеллект контентіңізге анализ жасайды да, бет көбірек көрілуі үшін қай жерде қандай кілтсөз қолданған жөн болатынына бағыт береді. Оның ішінде кілтсөздерді тақырыпқа, метатегтерге, суреттердің соңына қосатын мәтінге қалай қойған дұрыс екенін айтып береді. 
  • Ішкі сілтемелерді реттеп береді. Жасанды интеллектінің алгоритмдерді сайтыңыздағы сілтемелерді анализдеп, сәйкес беттер арасындағы жаңа ішкі сілтемелер жасауға көмектеседі. Бұл болса, қолданушыларға сайтты түсініктірек қылады, навигация жеңілдейді.
  • Метадеректерге анализ жасап, жаңартады. Жасанды интеллект беттің метадеректеріне анализ жасайды. Ол дегеніміз — метатегтер, сипаттамалар мен кілтсөздер. Содан кейін ол метасипаттамаларды қалай жақсарқан дұрыс екенін айтады. Бұл болса, іздеу жүйелерінде беттің CTR-ын (click-through rate) көбейтеді.
  • Қолданушылардың әрекеттеріне анализ жасайды. Жасанды интеллект сайтыңыздағы қолданушылардың әрекеттерін бақылап, соның негізінде анализ дайындайды. Әлсіз тұстарды тауып, оны қалай жөндеуге болатынына қатысты кеңес береді. Мысалы белгілі бір жерге келгенде қолданушылар жиі шығып кете беретін болса, бұл жерде мәселе неде екенін тауып береді. Сөйтіп шешім ұсынады.
  • AI арқылы SEO-тапсырмаларды автоматтандыруға болады. Жасанды интеллектіні SEO үшін қолданғанда ең күштісі автоматтандыруға болатыны десек, қателеспейміз. Себебі жасанды интеллектінің арқасында күнделікті жасайтын шаруаларды автоматтандыруға болады. Бұл сіздің уақытыңызды үнемдеп қана қоймай, процесті тиімді қыла түседі.
  • Рейтиңге мониториң жасайды. Жасанды интеллект құралдары сайтыңыздың іздеу жүйелерінде түрлі кілтсөз бойынша қандай орында тұрғанын бақылап отырады. Соның көмегімен сіз демде рейтиңдегі өзгерістерді көресіз. Әлдебір тұста өзгеріп жатса, соған сай қадамдарды да дереу жасай аласыз. Деректерді анализдеп қана қоймай, орыннан түсіп қалмас үшін оңтайландыруға қатысты нұсқау береді. 
  • Сайттағы техникалық қателерді тауып береді. Жасанды интеллект құралдары сайтыңызды автомат түрде скандайды. Яғни сілтемелер үзіліп қалса, техникалық қателер болса, бет баяу ашылатын болып қалса, мобайл оптимизацияда мәселе туындаса, техникалық кемшіліктер туса біліп отырады. Сол мәселелерді тауып, оны қалай реттеуге болатынына қатысты да кеңес айтып береді. Осылайша сіз қателерді жылдам жөндеп, сайттың SEO ахуалын жақсартып отырасыз. 
  • Бәсекелестерге мониториң жасайды. AI-құралдар бәсекелестеріңіздің не істеп жатқанын бақылауда ұстай алады. Олардың SEO стратегиясына анализ жасап, артықшылықтары мен кемшіліктерін танып алады. Өзіңіздің жағдайыңызды жақсарту үшін басқалардың қолданып жатқан оңтайлы әдістерін осылайша өзіңізге дереу қосып ала аласыз.
  • Өнімділікке қатысты анализ бен есеп дайындайды. Жасанды интеллект SEO-кампаниялардың қаншалықты тиімді атқарылып жатқанына қатысты есепті автомат түрде генерациялап береді. Оның ішінде маңызды көрсеткіштер, трафик, конверсия, нешінші орында тұрсыз, қандай басты метрикалар бар — бәрінің есебін дайындайды. Бұл болса SEO-мамандарға жұмысының нәтижесіне баға беріп, алдағы уақытта қалай оптимизация жасауға болатыны туралы дұрыс шешім қабылдауға көмектеседі.

Күнделікті жасалатын шаруаларды жасанды интеллект арқылы автоматтандыру арқылы жұмысыңыздың стратегиялық маңызы әлдеқайда жоғары тұстарына мән беруге көмектеседі. Уақытыңыздың бәрін анализ бен мониториң жасауға жібермейсіз. Оған қарағанда тиімді стратегия құрастыруды ойлануға көбірек уақытыңыз болады. Соның арқасында таза трафик артады, іздеу жүйелерінде көбірек шығасыз. Жасанды интеллектіні жұмыс барысында қолдана отырып, өнімділік артып қана қоймай, ұзақмерзімді жоспар тұрғысында мықты нәтижеге жетуге көмектеседі.

Қазіргі таңда Google сынды іздеу жүйелері жасанды интеллект жасаған контентті танитын болып жатыр. Мәтіннің сапасын бағалап, қолданушыларға пайдалы болуына және оригинал болуына басымдық беретін болған. Егер контент осы жағынан алғанда сәйкес келіп тұрса, жақсырақ көрінеді. Дегенмен сапасыз жасалған контент спам деп көрінуі де мүмкін. Бұл болса, іздеу жүйелерінде көрінбей қалуыңыз мүмкін екенін білдіреді. Олай болса, SEO жақсарту үшін жасанды интеллект қолданған кезде нені ескеру керегін айта кетейік:

  • Сапасын бақылауда ұстаңыз. Жарияламас бұрын тыңғылықты тексеріп, жасанды интеллект жасаған контенттің шолып шығыңыз, өңдеңіз. Сол арқылы мәтін сапасы жоғары, қатесіз болып шығады.
  • Бірегей болуы керегін ұмытпаңыз. Жасанды интеллектіні тек оригинал контент жасау үшін қолданыңыз. Мәтініңізде плагиат болмасын. Әйтпесе, ол SEO-нәтижелеріңізге кері әсер етеді.
  • Кілтсөздерде де баланс болуы керегін есте ұстаңыз. Мәтініңізде кілтсөз шамадан тыс көп болып кетпесін. Оның орнына оларды мәтінгі дұрыс кірістіруді ойластырыңыз. Сонда оқырманға да, іздеу жүйелеріне де жақсы болады. 
  • Контентке анализ жасап, оңтайландырып отырыңыз. Күнделікті ісіңіз осы болсын. Мақсаттарыңызға жету үшін осы жасанды интеллект жасайтын контент қаншалықты тиімді? Нәтижелерді бақылап отыратын аналитикалық құралдарды қолданыңыз. Сол алған деректерге сүйене отырып, стратегияларыңызды өзгертіп отырыңыз.
  • Бәрін жасанды интеллектіге ысыра салмай, адами шығармашылықты да есте ұстаңыз. Копирайтерлеріңіздің жұмысына қосымша құрао деп қараңыз. Адамдардың орнын толықтай басады деп ойламаңыз. Адами және жасанды интеллектінің ең жақсы қасиеттерін ала отырып, бірегей контент жасаңыз.

SEO-да жасанды интеллект қолданудың қандай қаупі бар?

Әрине, жасанды интеллектіге артып қойып, арқаны кеңге салып жатқанға кім болса да қызығады. Десе де, кемшіліктері жайлы да ойлап қойыңыз. Мысалы:

  • Плагиат мәселесі. Жасанды интеллект интернетте қазір бар контентті негізге алады. Сондықтан жаңа идеялар қоспайды. Былайша айтқанда, оның контенті толықтай оригинал бола алмайды. Сондықтан сізді «плагиат жасады» деп айыптауы әбден мүмкін.
  • Сапаны бақылай алмайсыз. Тіпті мәтін жылдам жазылса да, оның грамматикасы не құрылымы мінсіз деп сеніммен айту қиын. Қарап, оқып, тексеріп, керек болса түзетіп отыруы қажет.
  • Автоматтандыруға шектен тыс тәуелді болады. Жасанды интеллект біраз шаруаны тындыра алады десек те, оған толықтай сенім білдіруге болмайды. Себебі шектен асып кетсе, адами бақылау мен SEO-стратегияларды креативтеуде мәселе туындауы бек мүмкін.
  • Құпиялық деректеріне қатысты уайым бар. Жасанды интеллект қолданғанда көлемді деректер өңделеді. Ол болса, деректердің құпиялығы мен қауіпсіздігіне қатысты уайвм тудырады. Деректерді қорғау туралы нормаға сай келуін қамтамасыз ету қажет.   
  • Жасанды интеллект енгізу арзан тұрмайды. Бұл процесс өте қымбат болуы мүмкін. Оған айтарлықтай инвестиция керек болады.

Осы сынды қауіптерді ескере отырып, біз жасанды интеллектіні қосымша құрал ретінде ғана көруге кеңес береміз. Ол бір адамның толықтай орнын басады деп үміттенбеген жөн.