Диор мен Ив Сен-Лоранның музасы болған қазақ қызы – Qalam-ның апта таңдауы

Жарияланды (жаңартылды )
Диор мен Ив Сен-Лоранның музасы болған қазақ қызы / shutterstock

Qalam порталында жарияланған материалдардың апталық топтамасы: ұлт поэзиясының жампозы Ілияс Жансүгіров – «Жыр құлагерінің» жұмбаққа толы ғұмыры, ежелгі заманның ең жұмбақ індеті – Обаның тарихы және Диор мен Ив Сен-Лоранның музасы болған, сән өнерінде ізі қалған қазақ қызы кім? Қосымша: өткен аптада жарық көрген Ұлы Литов Кінәздігіне арналған дәрістің соңғы бөлімі.

«ЖЫР ҚҰЛАГЕРІНІҢ» ЖҰМБАҚҚА ТОЛЫ ӨМІРІ

Фото: Qalam

Ол бүгінгі «Жас Алаш», «Егемен Қазақстан», «Қазақ әдебиеті» газеттерінің құрылуына ықпал етіп, алғашқы авторларының бірі болған. Қазақстан Жазушылар одағын құрған әрі алғашқы төрағаларының бірі. Қазақстанда баспа саласының қалыптасуында ерен еңбегі бар. 20 ғасырдың басындағы «тұңғыштардың» ішінде есім ерекше аталады. Небәрі 44 жыл өмір сүрген қаламгердің жұмбаққа толы ғұмыры туралы оқыңыз.

ЕЖЕЛГІ ЗАМАННЫҢ ЕҢ ЖҰМБАҚ ІНДЕТІ – ОБА

Фото: Qalam

Оба туралы көп жазылып айтылмады. Алайда тарихшы Фукидидтен бізге біраз ақпарат жеткен. Оның қандай ауру екені туралы дау-дамай екі жарым мың жыл бойы жалғасып, ақыры не болғаны белгісіз. Оның жұмбағы неге шешілмеді, жауабын мына жерден оқыңыз.

ДИОР МЕН ИВ СЕН-ЛОРАННЫҢ МУЗАСЫ БОЛҒАН ҚАЗАҚ ҚЫЗЫ

Фото: Qalam

20 ғасырдың 40-60-жылдары Париждегі алғашқы «шығыс жұлдызы». Алматы мен Харбин, ақ эмиграция тағдыры мен new look дәуірінің сәні, гламур мен «Қарсылық» қозғалысы көрініс тапқан, сырмақтың ғаламат өрнегі секілді өрілген оқиғаны оқыңыз.

ҰЛЫ ЛИТОВ КІНӘЗДІГІНІҢ ТАРИХЫ

Фото: Qalam

Мәскеу мен Киев арасындағы жауластықтың түп тамырын осыдан 600 жыл бұрын, Литва тарихынан табуға болады. Ал соңғы екі жылда Ұлы Литов княздігінің сағымы қайта пайда болғандай. Себебі Киев, Вильнюс және Варшава деген кінәздіктің көне қалалары қайта Мәскеумен жауласа бастады, ал саясаткерлер мен тарихшылар украиндардың этникалық және тарихи-мәдени ерекшелігін басып көрсетуге тырысып, «бір халық» деген тезисті жоққа шығармақ.

Алдыңғы апта таңдауына да көз жүгіртіп өтіңіз

Сондай-ақ оқыңыз