Жаңалықтар

Демократтар сайлауалды дебатта сәтсіздікке ұшыраған Байденді алмастыруы мүмкін. The Washington Post он кандидаттың тізімін жариялады

Байден неге сайлауалды дебатта сәтсіздікке ұшырады? / Архив: kursiv.media

28 маусым АҚШ президенті Джо Байден мен оның қарсыласы Дональд Трамп арасындағы пікірталас өтті. Кандидаттардың теледебаты кезінде көтерген мәселелері АҚШ экономикасындағы жағдай, инфляция, жұмыс орындары мен салық саясаты болды. Сондай-ақ Украинадағы соғыс, кандидаттар тартылған қылмыстық істер және елдің бас президенттігіне үміткердің жасы туралы сөз қозғалды.

Джо Байденнің жақтастары президенттік пікірталаста оның жасы (81) келесі мерзімге кедергі болады деген қорқынышты сейілтеді деп үміттенген. Бірақ дебатта оның дауысы қарлығып, сөзі республикашыл қарсыласы Дональд Трампқа қарағанда жинақы болған жоқ.

Бұл бірден БАҚ беттерінде талқылана бастады.

«Бұл, шынымен де, көптеген кедергіге толы үмітсіз жоспар. Отставкаға кету Байденнің келісімін қажет етеді. Ол тамыздағы Демократиялық ұлттық конвенцияға уәде берген делегаттарының барлығымен кездеседі. Сол кезде де оны ауыстыру процесі қиынға соғады», – деп жазыған Washingtonpost басылымы оған балама он кандидатты ұсынды.

Тізімді вице-президент Харрис бастаған. Сарапшылардың айтуынша, ол қара нәсілді әрі бірінші вице-президент. Сонымен қатар халық арасында беделді, танымал.

Содан кейін Гретхен Уитмер есімді кандидат бар. Ол – Мичиган губернаторы. Ол да Байденге балама кандидаттардың бірі.

«Биылғы сауалнамалар оның Мичигандағы рейтингін 54 пен 61% арасында көрсетті. Ол көптеген басқа жұлдызды демократиялық губернаторға қарағанда тәжірибелі және ұлттық дәрежесі жоғары», – деп жазды басылым.

Бұған қоса балама нұсқалардың арасында Пит Буттеджич, Джош Шапиро, Джаред Полис, Гэвин Ньюсом сынды демократтардың өкілдері бар.

Айта кететіні, АҚШ-тағы президент сайлауы 5 қарашаға жоспарланған.