Қазақстан мұнай мен мұнай өнімдеріне салынатын кедендік баж салығын төмендетті - Reuters

Жарияланды (жаңартылды )
Экспорттық баж салығы 4%-ға төмендеді / Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Қазақстанда мұнай мен ашық түсті мұнай өнімдерінің экспорттық баж салығы шілдеде маусым айымен салыстырғанда 4%-ға төмендеп, тоннасына 86 доллардан 82 долларға дейін белгіленді, деп хабарлайды Reuters.

20 мамыр мен 20 маусым аралығындағы мониторинг кезеңінде әлемдік нарықтардағы KEBCO және Brent маркалы мұнай бағасының орташа бағасы барреліне 82 долларды құрады.

Жеңіл мұнай өнімдеріне баж 1 түзету коэффициентін пайдалана отырып, қазіргі айдағы мұнайға экспорттық кедендік баж мөлшерлемесі негізінде айқындалады.

Мазуттың экспорттық салық 1 мамырдан 31 тамызға дейін тоннасына 15 еуроны, 1 қыркүйектен 30 сәуірге дейін тоннасына 30 долларды құрайды. Битумға экспорттық салық 1 маусым мен 30 қыркүйекті қоса алғанда тоннасына 60 доллар, 1 қазан мен 31 мамыр аралығында 15 еуроны құрайды.

Еске сала кетсек, 11 наурыз Ұлттық экономика министрлігі Ашық НҚА порталында «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің жобасына консультативтік құжатты жария талқыға шығарды

Бұған дейін Үкімет корпоративтік табыс салығы мөлшерлемесін 25%-ға дейін ұлғайтуды ұсынды. Жаңа Салық кодексі жобасында шикізат, қаржы, ойын бизнесі салалары үшін корпоративті табыс салығы мөлшерлемесін 30%-ға дейін арттыру қарастырылған. Жаңа салық Кодексі бюджетке түсетін салық көлемін 2-2,4 трлн-ға арттырады. 

Сондай-ақ оқыңыз