Қазақстанның күштік құрылымдары лаңкестік шабуылдарға дайындығын пысықтап, терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізді
Қызылорда, Қарағанды және Абай облыстарында «Найза-Антитеррор-2024» кешенді республикалық терроризмге қарсы оқу-жаттығу аяқталды.
Іс-шара 31 мамырдан бастап өткізілген. Оған Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Ішкі істер, Қорғаныс, Төтенше жағдайлар министрліктері және жергілікті атқарушы органдар қатысты.
«Оқу-жаттығу шеңберінде террористік қатерлерге қарсы іс-қимыл жасау біліктері мен дағдылары бекітілді, төтенше сипаттағы дағдарысты ахуалдарға ден қою тетіктері мен төтенше жағдай кезеңіндегі іс-қимыл пысықталды. Сонымен қатар мүдделі мемлекеттік органдарды хабардар ету және ақпараттық өзара іс-қимыл жүйелерін тексеру жүзеге асырылды», – деп хабарлады ҰҚК.
Жауынгерлік іс-қимылдарға жақын жағдайларда диверсиялық-террористік актілердің алдын алу, сондай-ақ олардың салдарларын азайту және жою жөніндегі күштік құрылымдардың тренингтері өткізілді.
Сонымен қатар арнаулы мақсаттағы бөлімшелер жарылғыш құрылғыларды табу және залалсыздандыру, шартты террористерді анықтау және бейтараптандыру, кепілге алынғандарды босату және зардап шеккендерге көмек көрсету дағдыларын пысықтады.
Еске сала кетсек, Ұлттық қауіпсіздік комитеті жыл басынан бері бір террорлық шабуылдың алды алынғанын хабарлаған.
27 маусым Түркістан облысында терроризмді насихаттады деген күдікпен 4 адам ұсталған еді.