Алматыдағы жол апаты: жеңіл көлік жүргізушісі қамауға алынды
26 маусым күні Алматыда автобустың қатысуымен жол апаты болып, бір адам қайтыс болды. Жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалып, Kia көлігінің жүргізушісі қамауға алынды. Бұл туралы жеңіл көлік жүргізушісі Әнел Сартаеваның адвокаты Қанат Әлсейітов мәлім етті.
«Бүгін тергеу соты Анельді екі айға қамауға алуға санкция берді. Іс жүзінде, жұмыс істемейтін заң нормаларын жазудың орындылығы туралы сұрақ туындайды», – деп жазды ол Instagram-да.
Оның айтуынша, бұрын қамауға алынған Әнел Сартаева кепілмен босатылады деп үміттенген. Себебі Сартаеваның төрт айлық баласы бар.
Еске сала кетсек, Алматыда автобус жол апатына ұшырады, бір адам қайтыс болды. Жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаменті хабарлады. Автобустың қандай жылдамдықпен жүргенін анықтау үшін сараптама тағайындалды.
Оқиға салдарынан қоғамдық көліктің 24 жолаушысы медициналық көмекке жүгінсе, тағы бір жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Қалалық денсаулық сақтау басқармасының дерегінше, екі адамға сол жерде медициналық көмек көрсетіліп, амбулаторлық емдеуге жіберілді.