Түркияның бірнеше провинциясында орман өртеніп жатыр

Жарияланды (жаңартылды )
Фото: eadaily.com

Түркияның Чанаккала және Измир провинцияларында орман жанып жатыр. Өрт Айдын провинциясына да жайылды. 29 маусымда Измирде 19 өрт ошағы тіркелді. Бұл жөнінде жергілікті және шетелдік ақпарат құралдары жазды. Байраклы Деде ауданындағы үйлер мен 2 қонақүйдегі адамдар көшірілді. Чанаккала провинциясындағы Эзине ауданында ауылшаруашылық жері өртенген. Жергілікті билік бірнеше ауыл тұрғындарын көшіру туралы шешім қабылдады.

Бурса, Эдирне, Балыкесир, Караман и Кахраманмараш аудандарында да ағаштар өртенген. Өртті сөндіруге тікұшақтар, су таситын көліктер, басқа да техникалар пайдаланылуда.

Түркия билігі өрт себебі жөнінде  нақты дерек айтқан жоқ. Ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы министрі Ибрахим Юмаклы Мендерестегі бақшалардың бірінде өрт тұтанғанын айтты. Күдіктілер уақытша қамауға алынды.

Сондай-ақ оқыңыз