Қырғызстанда тасқын салдарынан қазақстандық төрт бала көз жұмды

Жарияланды (жаңартылды )
Ошта селден қазақстандық төрт бала мерт болды /фото Қырғызстан ТЖМ

Қырғызстанның Ош облысының Ноокат ауданында селден мерт болғандардың денелері табылып жатыр. Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Қазақстаннан барған екі баланың көз жұмғанын, тағы екі адамның іздестіріліп жатқанын хабарлаған еді.

Көрші ел тағы екі баланың табылғанын мәлімдеген. Сыртқы істер министрлігі марқұм балалардың туыстарына қажет құжаттарды рәсімдеуге көмектесуде. Нөсерден кейінгі селден қазақстандық төрт бала көз жұмды.

«Қырғызстан Төтенше жағдайлар министрлігі жедел штабының ақпаратына сәйкес, сел тасқыны салдарынан бұрын жоғалып кеткен тағы 2 бала – Қазақстан азаматының денесі табылған. Қазіргі уақытта жергілікті биліктің көмегімен жеделдетілген режимде құжаттар ресімделіп, қажетті рәсімдер жүргізілуде. Қазақстандық дипломаттар қаза тапқандардың туыстарына барынша көмек көрсетіп жатыр. Жақын арада Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігінің ұшағымен қаза тапқан барлық 4 баланың  денесі елге жеткізілетін болады», – деді Сыртқы істер министрлігі.

Тасқын салдарынан Ош облысында төтенше жағдай жарияланды. Қырғызстан тарапы тәңертең 8 адамның денесі табылғанын хабарлады. Оның төртеуі қазақстандық балалар екені анықталды.

Сондай-ақ оқыңыз