Мамыр айының қортындысы бойынша елде жылдық инфляция қайтадан баяулап, 8,5%-ды құрады (сәуірде – 8,7%). Ал айлық инфляция 0,6%-дан 0,4%-ға төмендеді.
Өңірлер арасында ең жоғары айлық инфляция Астана қаласында – 1,2% (орташа республикалық деңгейден 0,8 п.т. жоғары) тіркелген. Ең төменгі көрсеткіш 0,1%-бен Ұлытау облысында қалыптасқан. Тұтыну бағасының индексі Шымкент қаласында, Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Түркістан облыстарында 100%-ды құрады.
Мамыр айында Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында азық-түлік тауарларының бағасы – 0,4%-ға өсті. Сондай-ақ азық-түлікке жатпайтын тауарлардың құны 1,2%-бен Маңғыстау облысында өскені байқалады. Астана қаласында ақылы қызметтердің құны 2,5% өскен.
AERC сарапшылары жаз айлары бойынша инфляция көрсеткішіне байланысты болжамды қайта қарастырды. Жылдық инфляция маусымда 8,53% деңгейінде болады деп есептейді. Алдыңғы шолуда 8,77% болады деген ақпар ұсынған. Ай сайынғы динамиканы 0,58%-дан 0,47%-ға төмендетті.
Шілде айында жылдық инфляция 8,4% немесе ай бойынша динамиканы 0,44% деңгейінде болады деп белгіледі. Мамыр айындағы нақты деректерді және екі ай болжамын есепке ала отырып, AERC 2024 жылдың тамызында инфляция 8,32%, ай ішіндегі тұтыну бағасының индексі 0,57% шамасында тұрақтайтынын хабарлады. Осылайша, төмен базалық әсерінің кеми түскеніне қарамастан, инфляцияның мамыр (0,4%) айында баяулауынан жылдық инфляция төмендей береді.
«2024 жылдың мамыр айында М2 және М3 ақша агрегаттары аздап 0,8% және 0,6% өсті. Монетарлық өсудің жалғасуы кең көлемдегі ақша – массасының негіз кейін әсер етуі мүмкін, бұл инфляцияны қолдайтын фактор болады», – деп хабарлады AERC.
Қазақстандықтардың елдегі жылдық инфляцияға қатысты болжамы төмендеді. Биыл ел тұрғындары инфляция 12,7%-ды құрауы мүмкін екенін айтады.