Жаңалықтар

Қазақстан құтқарушылары Қырғызстанда селден қайтыс болған балалардың денесін елге жеткізді

гибель
Қазақстан құтқарушылары Қырғызстанға көмекке жетті / Фото: ШҚО әкімдігі, бильд-редактор: Аружан Махсотова

Қырғызстанда сел тасқыны кезінде қайтыс болған Қазақстан азаматтарының денесі Өскеменге жеткізілді. Аймақта жедел штаб құрылып, қайтыс болған балалардың ата-анасымен туыстарына психологиялық көмек көрсетілуде.

Қазақстандық құтқарушылар су тасқыны салдарымен күресу, гуманитарлық көмек жеткізу және қайтыс болған Қазақстан азаматтарының денесін елге тасымалдау үшін Қырғызстанның Ош аймағына келді.

«Қазақстан ТЖМ құтқарушылары ҚР ҚМ әуе кемесімен Қырғыз Республикасының Ош қаласына біздің азаматтарымызды эвакуациялау және қаза тапқандардың денелерін елімізге тасымалдау үшін ұшып келді», – делінген ТЖМ хабарламасында.

Ұшақ бортында құтқарушылар мен медицина орталығының дәрігерлері мен психологтары бар.

Сонымен қатар Қырғызстанның сел тасқынынан зардап шеккен тұрғындарына жалпы салмағы 2,7 тонна азық-түлік түрінде гуманитарлық көмек жеткізілді.

29 маусымда Жамбыл облысы ТЖД бастығы Арман Тоқанов іздестіру-құтқару жұмыстарын үйлестіру үшін Ош облысы Ноокат ауданына барған.

Қырғызстанның Ош облысының Ноокат ауданында селден мерт болғандардың денелері табылған. Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Қазақстаннан барған екі баланың көз жұмғанын, тағы екі адамның іздестіріліп жатқанын хабарлаған еді.

Көрші ел тағы екі баланың табылғанын мәлімдеген. Сыртқы істер министрлігі марқұм балалардың туыстарына қажет құжаттарды рәсімдеуге көмектесуде. Нөсерден кейінгі селден соң қазақстандық төрт бала көз жұмды.