1 қыркүйектен бастап Қазақстанда студенттердің стипендиясы көтеріледі – Олжас Бектенов қаулыға қол қойды
Құжатқа сәйкес, колледж студенттері үшін стипендия 50 пайызға өсіп, жұмысшы мамандықтар үшін 43 574 теңгені, орта буын мамандары үшін 41 896 теңгені құрайды.
Бакалавриат студенттерінің стипендиясы 20 пайызға артып, 47 135 теңгеге дейін, ал педагогикалық және медициналық бағыттар бойынша оқып жүрген студенттер үшін 75 600 теңгеге дейін ұлғаяды.
Интернатурада оқитындарға стипендия 85 376 теңге мөлшерінде, ал резидентурада оқитындарға 123 122 теңге мөлшерінде төленеді.
Магистранттар мен докторанттардың стипендиясы 15 пайызға өседі: тиісінше 107 061 теңге және 240 000 теңге.
2025 жылдың 1 қыркүйегінде де бакалавриат студенттерінің стипендиясы 20 пайызға, магистранттар мен докторанттардың стипендиясы 15 пайызға өседі.
Бұған дейін қазақстандық студенттер екінші жартыжылдықтан бастап стипендия көлемі өсетіні туралы жазған едік.