Мамыр айында қаржы ұйымдарының үстінен 8 мың шағым түсті

Жарияланды (жаңартылды )
Business News бөлімінің тілшісі
Қаржы ұйымдарының үстінен 8 мың шағым түсті / Фото:kursiv.media

Мамыр айында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне банктердің, микроқаржы ұйымдарының, коллекторлық агенттіктердің, сақтандыру және бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің қызметіне байланысты жеке және заңды тұлғалардың 8 101 өтініш түсті. Бұл туралы агенттік есебінде жарияланды.

Шағымдардың көбі банк секторына тиесілі, жалпы көлемнің  44,1%-ын құрады. Микроқаржы ұйымдары бойынша өтініштер жалпы шағымның 41,7%-ын, коллекторлық агенттіктер 6,8%-ын, сақтандыру нарығы субъектілері 2,0%-ын, өзге ұйымдар 4,0%-ын, қаржы ұйымдарының атауын көрсетпеген шағымдар 1,4%-ын құраған.

Шағымдарды қарау нәтижесінде агенттік 6 ұсынымдық қадағалап ден қою шарасын, 5 жазбаша ұйғарым, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы 10 хаттама бойынша 4,0 млн теңге жалпы сомаға 10 әкімшілік жаза қолданған. Оның ішінде  1,5 млн теңге көлеміндегі 2 әкімшілік жаза банктерге, 2,2 млн теңге көлеміндегі 7 әкімшілік жаза коллекторлық агенттіктерге, 369,2 мың теңге  көлеміндегі әкімшілік жаза сақтандыру ұйымдарына тағайындалған.

Айта кетейік, бұған дейін маусым айында Қазақстандағы жылдық инфляция 8,4%-ды құрағаны туралы хабарлаған едік.

Сондай-ақ оқыңыз