Lifestyle

Миллиеналдар тарихтағы «ең бай ұрпақ» болады. Оларға мұраға 90 млрд доллар қалады

Миллиеналдар тарихтағы «ең бай ұрпақ» болады / Фото: kursiv.media

Миллиеналдар тарихтағы «ең бай ұрпаққа» айналады. Олар алдағы жиырма жылда «бэби-бумер» ата-аналарынан жүздеген триллион долларды мұраға алады, деп жазады Daily Mail. Осылайша 1981-1996 жылдар аралығында туған буынның арасынан тарихтағы ең бай адамдар шығады.

Knight Frank консалтингтік компаниясының жыл сайынғы байлық есебіне сүйенген басылымның жазуынша, тек Америкада ғана алдағы 20 жыл ішінде миллиеналдарға 90 триллион доллар көлемінде жылжымайтын мүлік, акциялар және басқа да активтер мұраға қалады.

Есепте 1946-1964 жылдар аралығында туылған «бэби-бумер» және «үнсіз ұрпақ» деп аталатын 1928-1946 жылдар аралығында туған америкалықтар 1980-1996 жылдар аралығында туған миллиеналдарға «тізгінді тапсырады» делінген.

АҚШ-тағы тұрғын үй қорының шамамен 90 пайызы 40 жастан асқан адамдарға тиесілі болса, 74 пайызы 50 жастан асқандарға тиесілі. «Бэби бумерлер» белсенді түрде еңбекке араласып, табыс таба бастаған кезде тұрғын үй бағасы төмен және жұмыс жағдайлары жақсы болған. Сондықтан олардың көпшілігінің тұрғын үй мен жинақ қаражаты жақсы.

Федералдық резерв және Cerulli Associates байлықты басқару фирмасының деректері бойынша жалпы көлемі 159 триллион долларды құрайтын АҚШ-тағы үй шаруашылығының активтерінің басым бөлігі аталған буынға тиесілі. Нақтырақ айтсақ, олардың үлесі 78,1 триллион долларды құраса, миллиеналдарға тек 13,3 триллион доллар тиесілі.

Ал «үнсіз ұрпақ»  18,6 триллион доллар активке, ал X ұрпағы (1965 және 1980 жылдар аралығында туғандар) 46 триллион доллар активке ие.