Miller Industries компаниясының акциялары инвесторлардың мән беруіне тұрарлық
Simply Wall St сарапшылары эвакуаторлар мен буксир жасайтын Miller Industries компаниясының акциялары инвесторлардың көңіл бөлуіне тұрарлық екенін айтады. Олар бұл компанияның P/E коэффициенті бәсекелестерімен салыстырғанда төмен, сондықтан оның қағаздары тартымды деп санайды. Яғни компанияның нарықтағы құны оның нақты кірісімен салыстырғанда салыстырмалы түрде арзан.
Толығырақ
Miller Industries акциялары инвесторлардың мән беруіне лайық деп санайды Simply Wall St. Сарапшылар машина жасайтын басқа өндірушілерде орташа P/E коэффициенті 21,65 болса, бұл компанияның көрсеткіші 9,6 екенін айтады . Бұл компания акцияларының бәсекелестеріне қарағанда әлдеқайда төмен бағамен сатылып жатқанын көрсетеді. «Оның үстіне Miller Industries акциясының бағасы едәуір құбылмалы, бұл да сатып алуға қолайлы болмақ», – дейді Simply Wall St.
Контекст
Miller Industries арнайы мамандандырылған эвакуаторлар мен сүйреткіш көліктер жасайды, сондай-ақ көліктерін бүкіл әлемге жеткізеді. 2023 жылы компанияның кірісі 1,15 миллиард доллар болған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда шамамен 36%-ға артық. Ал бір акцияға шаққандағы пайда 5,07 долларға жетті – демек жылма-жыл салыстырғанда 185%-ға өскен. Компания 2023 жылы рекордты көрсеткішке жеттік деді. Ал 2024 жылы кірістен де, пайдадан да тағы рекордқа жетуден үмітті болып отыр. Компанияның келешек пайдасына қатысты оң болжамы акцияларының қазіргі бағасына әсер ете қойған жоқ деп есептейді Simply Wall St.
Басқалар не дейді?
Соңғы жылда Miller Industries акциясының бағасы 57%-дан аса өскен. MarketWatch мәліметтері бойынша, компанияның қызметін бір талдаушы бақылайды. Ол сатып алуды ұсынады. Бір қағаз үшін мақсатты баға – 68 доллар, бұл сауда жабылғанда 23%-дан аса өсу мүмкіндігін білдіреді.
Компания төлейтін «тоқсандық дивидендтер әжептәуір қомақты» – бір акцияға 0,19 доллар, оның кірістілігі – 1,3% деп жазады InvestorPlace сарапшылары. Ал Simply Wall St бұған дейін Miller Industries акционерлерді дивидендтерді қосқанда, соңғы он екі айда 63% жиынтық пайдамен қуантқанын айтады.