Paramount шығынға ұшыраған стримингін жақсартып, Netflix-пен бәсекеге түсу үшін өзіне серіктес іздеп жатыр
Paramount Global нарықтағы медиа компаниялармен өзінің Paramount+ стриминг қызметін басқа платформамен біріктіру жөнінде келіссөздер жүргізіп жатыр. Атап айтқанда, бұл ұсынысты Warner Bros. Discovery компаниясы қарастыру үстінде. Егер мәміле жасалса, нарықта басқа да стриминг серіктестіктері пайда болуы мүмкін әрі ол бүкіл медиа индустрияны нығайтады деп жазады CNBC. Paramount акциялары дүйсенбі, 1 шілдеде, шамамен, 2,5%-ға арзандады.
Толығырақ
Paramount Global басшылығы медиа және технология компаниялары арасында өзінің стриминг қызметін басқа платформамен біріктіру мәселесін қарастырып жатыр деп хабарлайды CNBC. Бұл ұсынысты құп алу жөнінде Warner Bros. Discovery ойлануда, егер Max пен Paramount+ біріксе, бұл екі сервисті де күшейтіп, Netflix пен Disney-ге мықты бәсекелес болуға жол ашпақ.
Paramount Global-дың тең бас директоры Крис Маккарти екі платформа қосылған жағдайда, көрушілердің саны артып, табыс та көбірек болады деп санайды. Warner Bros. Discovery бұған дейін де Paramount Globaл-мен бірігу жөнінде келіссөздер жүргізген болатын, бірақ мәміле соңына жеткен жоқ. NBCUniversal-дан Peacock та аталмыш ұсынысқа қызығушылық танытты. Алайда арадағы келіссөздер жеміссіз аяқталды.
Сервистерді біріктіру жаңа құрылымның арқасында Paramount-тың тұтынушыларын қайта қызықтырып, оның шығынын азайтар еді. Warner Bros. Paramount-тың Discovery-мен бірігу құрылымы әлі бүге-шігесіне дейін талқыланған жоқ, дегенмен компаниялардың өзара үлесі тең болмауы мүмкін.
2023 жылы Warner Bros. Discovery түзетілген пайдаға шаққанда 103 млн доллар табыс тапқанын айтса, ал Paramount Global 1,67 млрд доллар шығынға ұшырағанын хабарлады. Max-қа 100 млн адам жазылса, Paramount+ жазылушыларының саны бірінші тоқсанда 71 млн болды.
Контекст
2019 жылдың соңында Paramount Global, Disney, NBCUniversal және Warner Bros. Discovery сияқты медиа-компаниялар стриминг сервисін іске қосқан болатын, алайда олардың бәрі миллиардтаған доллар шығынға ұшырады.
Нарықта нақты жазылушылар санымен өлшегенде, стриминг сервистері өте көп деген пікір бар. Көп жетекші тек төрт-бес ғаламдық сервис қана өз күнін өзі көре алады, қалғандары өзара бірігуі қажет деп санайды.
Егер Paramount Max немесе Peacock-пен біріге алса, онда бұл жайт қалған сервистердің де өзара бірігуіне әсер етуі мүмкін. Мәселен, қазірдің өзінде Disney мен Warner Bros. Discovery жаздан бастап Disney+, Hulu және Max сияқты сервистерін біріктіруді жоспарлап отыр. Болашақта Peacock, Paramount+, Max және Disney тұтынушыларға ыңғайлы болу үшін өз бағдарламаларын біріктіруі мүмкін. Егер солай болған жағдайда, олар 270 млн тұрақты көрермені бар Netflix-ке мықты бәсекелес бола алады.
Акция жайы
Paramount Global қағаздары дүйсенбі күнгі саудада 2,41%-ғ – 10,14 долларға арзандады. Алайда постмаркетте медиахолдинг акциялары шамалы нығая түсіп, 10,38 долларға жетті. Жалпы, жыл басынан бері компания бағасы 31,44%-ға төмендеген.
MarketWatch мәліметтері бойынша, Paramount акцияларын қадағалайтын 33 сарапшының жетеуі сатып алуды ұсынса, 13-і портфельде ұстай туру керек дейді. Ал 13 сарапшы медиахолдинг акцияларын сату керек деп санайды. Уолл-стрит ұсынған консенсустық баға бір акцияға 12,41 доллар болып тұр, бұл қазіргі деңгейден 22%-ға өсу мүмкіндігін білдіреді.