Вейп-тәуелділікке қарсы дәрі жасайтын компанияның акциясы қымбаттады

Жарияланды
Russell индексіне қосылған соң, вейп-тәуелділікке қарсы дәрі өндіретін компанияның акциялары қымбаттады / Фото: shutterstock

Вейп-тәуелділікке қарсы алғашқы дәріні ойлап шығарған Achieve Life Sciences компаниясының бағасы 1 шілдеде 1,7% – ға өсті. Компания өз акциясының Russell 3000 және Russell Microcap индекстеріне енгізілгені жайлы хабарлады.

Толығырақ

Achieve Life Sciences акциялары Nasdaq биржасында 1,7%-ға, 4,78 долларға дейін қымбаттады. Сауда-саттық аяқталғаннан кейін, постмаркетте тағы 3,62% қосылды. Жыл басынан бері компанияның котировкасы 16%-ға өскен, бірақ соңғы 12 айда шамамен 8%-ға төмендеді.

1 шілдеде компания өзінің акциялары мыңдаған микроқаржыланған компанияларға арналған Russell 3000 және Russell Microcap индекстеріне дүйсенбі, 1 шілдеден, бастап кіретінін хабарлады. «Achieve Life Sciences-тің бұл индекстерге қосылуы инвесторларға оның танымалдығын арттыруға мүмкіндік береді», – деді фарм-компанияның Бас директоры Джон Бенчич.

Компания немен айналысады?

Achieve вейп-тәуелділікке қарсы АҚШ-тағы алғашқы дәріні жасап жатқан компания. Жаңа дәрінің құрамында темекіден бас тартуға және никотинге тәуелділіктен арылуға көмектесетін цитизиниклин дейтін өсімдік тектес алкалоид бар.

Бірінші тоқсанда компания цитизиниклиннің тиімділігі мен қауіпсіздігін бағалай отырып, клиникалық зерттеудің екінші кезеңін аяқтады. Зерттеуге электронды темекі тартатын 160 адам қатысқан. Ал зерттеудің үшінші кезеңіне темекі шегетін 810 адам қатысты. Препарат клиникалық зерттеулердің үшінші кезеңінде қауіпсіз әрі тиімді әсерін көрсеткен. Демек дәріні ресми тіркеуге өтінім беретін күн де алыс емес деп жазады Zacks Small Cap Research.

Zacks сарапшыларының пікірінше, Achieve акциялары қазір лайықты бағаланбай тұр. Олардың ойынша, бір қағаздың құны кем дегенде 30 доллар болуы тиіс. Бұл сауда жабылған кезде бағаның 527%-дан аса өсу мүмкіндігін көрсетеді.

Контекст

Жыл сайын мамыр айында FTSE Russell компанияларды қосу немесе шығару арқылы, индекстерді қайта теңгерімдейді. Алдымен эмитенттер Russell 3000-ға қосылады, содан кейін субиндекстерге бөлінеді – бұл 1 шілдеге дейін әр жұма сайын жүзеге асады. NASDAQ зерттеулеріне сүйенсек, Russell индексіне қосылу компанияның капиталында ұзақ мерзімді жаңа инвесторлардың пайда болуына әсер етеді. Оның үстіне, сауда көлемі де айтарлықтай арта түседі.

Сондай-ақ оқыңыз