Дүниежүзілік банк табысы жоғары елдердің қатарына тағы 3 мемлекетті қосты

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Табысы жоғары мемлекеттер қатары толықты. Фото: shutterstock

Дүниежүзілік банк ұлттық табысы жоғар елдердің тізімін жаңартты. Оған биыл Болгария, Палау Республикасы және Ресей енген.

Дүниежүзілік банктің мәліметі бойынша, Ресейдегі 2023 жылы жан басына шаққандағы жалпы ұлттық табыс 14 250 долларды құраған. Ал Болгарияда тұтыну сұранысының арқасында ЖІӨ 1,8%-ға өскен. Палау елінің номиналды ЖҰТ 10,0% көтерілген.

Бұл үш елден бөлек, табысы жоғары мемлекеттер қатарына АҚШ, Канада, Гринландия, Сауд Арабиясы, Оман, Чили, Аустралия, Жаңа Зеландия, Корея, Жапония, Еуропа елдері жатады.

Сонымен қатар Украина, Алжир, Иран және Моңғолия да өз позицияларын жақсартқан: Дүниежүзілік банк оларды табысы орташадан төмен елдер санатынан ортадан жоғары табысы бар елдер қатарына кіргізді. Украина ЖІӨ-сі 2022 жылы 28,8%-ға төмендеп барып, 2023 жылы 5,3%-ға өсім көрсеткен.

Қазақстанның ұлттық табыс деңгейі өзгермеген, кіріс деңгейі жоғарыдан сәл төмен елдердің қатарында орналасқан.

Табыс деңгейі төмендеген жалғыз аймақ – Батыс жағалау мен Газа секторы. Дүниежүзілік банк 2023 жылдың қазан айынан бері жалғасып келе жатқан ХАМАС пен Израиль қақтығысының ауқымы «номиналды ЖІӨ-нің 9,2% төмендеуіне әкелетінін» атап өтті.

Дүниежүзілік банк тобы дүние жүзі экономикаларын төрт кіріс тобына бөледі: төменгі, төменнен сәл жоғаны, жоғарыдан сәл төмен және жоғары. Жіктеме өткен күнтізбелік жылдағы жан басына шаққандағы ЖҰӨ негізінде жыл сайын 1 шілдеде жаңартылады. ЖҰӨ өлшемдері қазір 1989 жылы енгізілген Атлас әдісіне  сәйкес алынған конверсиялық факторларды пайдалана отырып, АҚШ долларымен  көрсетіледі.

Сондай-ақ оқыңыз